---
title: "Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған шара өткізді"
description: "Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұловаға арналған мемориалдық кешенде болашақ ұшқыштар қазақ халқының д..."
author: "minoboronyRK"
published: "2014-01-14T06:41:46+00:00"
modified: "2014-01-14T06:41:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ue-or-anysy-k-shteri-skeri-institutyny-kursanttary-liya-molda-lovany-eske-alu-a-arnal-an-shara-tkizd-395569"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ue-or-anysy-k-shteri-skeri-institutyny-kursanttary-liya-molda-lovany-eske-alu-a-arnal-an-shara-tkizd-395569/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған шара өткізді

> Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұловаға арналған мемориалдық кешенде болашақ ұшқыштар қазақ халқының д...

![Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанттары Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған шара өткізді](http://www.mod.gov.kz/mod-kz/images/stories/14012014/3.jpg)

Ақтөбе қаласындағы Әлия Молдағұловаға арналған мемориалдық кешенде болашақ ұшқыштар қазақ халқының даңкты қызына арналған еске алу шарасын өткізді. Шара Кеңес Одағы Батырының қаза тапқанына 70 жыл толуына арналды.

 

Митингіге қатысушылар іс-шара барысында халқымыздың даңқты қызын бір минут үнсіздікпен еске алды. ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері әскери институты курсанттарынан құралған құрмет қарауылы әуеге үш дүркін оқ атты, батыр қыздың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

54-ші жеке атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлова Ұлы Отан соғысы кезінде 1944 жылы Псков облысындағы Казачиха деревнясында қаза тапты. 19 жастағы Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы қайтыс болған соң берілді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ue-or-anysy-k-shteri-skeri-institutyny-kursanttary-liya-molda-lovany-eske-alu-a-arnal-an-shara-tkizd-395569](https://yvision.kz/kk/post/ue-or-anysy-k-shteri-skeri-institutyny-kursanttary-liya-molda-lovany-eske-alu-a-arnal-an-shara-tkizd-395569)