---
title: "Қуаныш ұзағынан болсын, yvision!"
description: "2008 жылдың күзінде алғаш рет yvision блогтұғырына тіркелгенде ғаламторда қызықты бір ресурстың пайд..."
author: "urimtal"
published: "2010-06-13T20:02:49+00:00"
modified: "2010-06-13T20:02:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/uanysh-za-ynan-bolsyn-yvision-52607"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/uanysh-za-ynan-bolsyn-yvision-52607/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қуаныш ұзағынан болсын, yvision!

> 2008 жылдың күзінде алғаш рет yvision блогтұғырына тіркелгенде ғаламторда қызықты бір ресурстың пайд...

2008 жылдың күзінде алғаш рет yvision блогтұғырына тіркелгенде ғаламторда қызықты бір ресурстың пайда болғаны қуантып еді.

Бүгінгі Yvision-ның екі жылдық мерейтойына [арнап жайылған дастарханға қатысқанда](http://yvision.kz/community/%D0%9F%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%B7%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%B8%20Yvision/52563.html) [орыс. тілінде] да сол ой санамнен кетпеді.

Таудың баурайына [жиналдық](http://yvision.kz/community/%D0%9F%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D0%B7%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%B8%20Yvision/50942.html) [сілтемеден қатысушылардың тізімін көруге болады].

Табиғатқа шықпағалы көп болып еді.

Бір-бірімізді жөнді танымасақ та, тез тіл табыстық. Өмірімде алғаш рет мафия ойнап, бірден мафия атандым. Одан қалды танымал адамдардың есімін маңдайымызға жабыстырып, өзіміздің кім екенімізді анықтадық.  Өте бір ақкөңіл жандар жиналды. Әрі қарай көп созбайын. Күннің қалай өткенін бейнеүзіктен көре аласың.

Қуаныш ұзағынан болсын, yvison!!!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/uanysh-za-ynan-bolsyn-yvision-52607](https://yvision.kz/kk/post/uanysh-za-ynan-bolsyn-yvision-52607)