---
title: "Қуанайық баға жетпес, өмірге..."
description: "Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Giovanni Marradi - Sofia's DreamБейнематериал авторы –..."
author: "Aikosmuz"
published: "2019-02-21T08:15:58+00:00"
modified: "2019-02-21T08:15:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/uanayy-ba-a-zhetpes-mirge-826824"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/uanayy-ba-a-zhetpes-mirge-826824/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қуанайық баға жетпес, өмірге...

> Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Giovanni Marradi - Sofia's DreamБейнематериал авторы –...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Giovanni Marradi - Sofia's Dream

Бейнематериал авторы – Andreea Petcu

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Қуанамын өмірге, тамсандырған,

Қуанамын туысқа, сағындырған.

Қуанамын ұрпаққа, ойландырған,

Қуанамын жек-жатқа, ұмытпаған.

Қуанамын еліме, қазағыма,

Қуанамын басқа ұлттың, халқына.

Қуанамын қымыз, қарта, қазыма,

Домбырама қуанам, бауырсағыма.

Қуанайық бәріміз, жарық күнге,

Қуанайық баға жетпес, өмірге.

Мұң түспесін ешқашан, көңілдерге,

Қуаныштан шашу шаштым, еліме.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/uanayy-ba-a-zhetpes-mirge-826824](https://yvision.kz/kk/post/uanayy-ba-a-zhetpes-mirge-826824)