---
title: "Уақытты басқаруды қалай үйренуге болады?"
description: "Сырт-сырт етіп соғады Кеудесінде жүрегі, Өзі тілсіз сөйлейді, Өзі жансыз жүреді. Бүгінгі таңда «..."
author: "zhaskenes2012"
published: "2013-06-06T23:03:30+00:00"
modified: "2013-06-06T23:06:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ua-ytty-bas-arudy-alay-yrenuge-bolady-356443"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ua-ytty-bas-arudy-alay-yrenuge-bolady-356443/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Уақытты басқаруды қалай үйренуге болады?

> Сырт-сырт етіп соғады Кеудесінде жүрегі, Өзі тілсіз сөйлейді, Өзі жансыз жүреді. Бүгінгі таңда «...

Сырт-сырт етіп соғады

Кеудесінде жүрегі,

Өзі тілсіз сөйлейді,

Өзі жансыз жүреді.

![Уақытты басқаруды қалай үйренуге болады?](https://storage.yvision.kz/images/user/zhaskenes2012/Ubi7VYaWf6K6y4f5PxZCLxGLrA2Fe7.jpg)

Бүгінгі таңда «тайм-менеджмент» термині кең етек алуда. Бұл уақытты басқару тәсілдері мен әдістерін зерттейтін менеджмент саласы. Осы тұрғыда тайм-менеджменттің кәсіпқойы Глеб Архангельскийдің «Организация времени» мен «Тайм-драйв» еңбектерімен танысу жақсы нәтиже береді.

![Уақытты басқаруды қалай үйренуге болады?](https://storage.yvision.kz/images/user/zhaskenes2012/k5pspD7sQYVoLJtcL1vtIsaYOgWuIU.jpg)

Сонымен қатар аталмыш тақырыпқа байланысты одан басқа да кітаптар айрықша орын алады. Оларға тайм-менеджмент жайындағы Алан Лакейннің «Искусство успевать» атты шынайы классикалық еңбегі, Дэвид Алленнің «Как привести дела в порядок. Искусство продуктивности без стресса» мен Реджина Лидстің «Полный порядок. Понедельный план борьбы с хаосом на работе, дома и в голове» сынды туындылар жатады.

Тайм-менеджменттегі баға жетпес көмекші ретінде қазіргі заманның [EverNote,](http://evernote.com/intl/ru/) The [LeaderTask electronic organizer,](http://www.leadertask.com/) [BillQuick Online,](http://www.billquickonline.com/) т.б. бағдарламалары жақсы қызмет ете алады.

![Уақытты басқаруды қалай үйренуге болады?](https://storage.yvision.kz/images/user/zhaskenes2012/09moMxyZp4WXG7Xa4j98TFPVD3z2Zi.jpg)

Ал енді сіздердің назарыңызға жобамыздың уақытты тиімді пайдалану туралы қысқаша мазмұнымен таныстырайық.

- Бірінші кезең. Ең алдымен жұмыс, бос уақыт пен ұйқы арасындағы теңгерімді тапқан жөн. Көбінесе біз жұмыстың кесірінен соңғы екеуіне жеткілікті түрде көңіл бөлмейміз. Сол себептен денсаулықтың нашарлай бастауы да мүмкін. Нәтижесінде, ұмтылғанымыз көп болғанмен, ұтатынымыз аз боп шығады.

- Келесі орында жоспарлау кезеңі. Алыс болашаққа ғана жоспар құрумен шектеліп қалмай, оны әр күнге де жасаған дұрыс. Іс-әрекеттердің нақты жазылған тізімі қолыңызда болса, сіз бірдеңені ұмытып қалу туралы бос алаңнан құтыласыз.

- Жоспарлау - істің тек жартысы. Енді осыған дейін жасалған тізімдегі істерге маңыздылық белгілерін қойған жөн. Қай тапсырмаларды жедел түрде орындау керек , ал қайсысы қауырт шаруа емес екендігін көре отырып, сіз форс-мажор жағдайларына ұшырып қалсаңыз да, олардан жасқанбай шыға аласыз. Бұл кезеңді басылымдықтарды орналастыру деп атауға болады.

- Тағы да бір көңіл аударарлық әрекет - бақылау. Ол өзіне тиесілі бірнеше тармақшадан тұрады: жұмсалған уақыт жайлы өзіңіз үшін есеп жасаңыз (Қанша? Қандай шаруаға?), пайдалы істі пайдасы жоқтан ажырата біліңіз, тұла бойыңыздағы қажетсіз қорқыныштармен күрес жүргізе бастаңыз (қолымнан келмейді, мүмкін емес, т.б.). Міндетті түрде «уақыт өлтірушілерді» (әлеуметтік желілер, телебағдарламалар, комп.ойындар,т.б.) бейтараптандырып қойыңыз.

Алайда алтын уақытымыздың босқа кетуі өзіміздің ғана кінәміз болмауы да мумкін. Біз жиi-жиі кезектерде, аядамада, көлік кептелісінде тұруға, кешігетін адамдарды күтүге мәжбүрміз. Сондай ахуалдарға душар болғанда да уақытты тиімді өткізген абзал.

Тәжірибелік кеңестерге көшейік!

Дәрігердің қабылдауына барған кезде болжағыштық танытыңыз. Кезекте тұрып қалуыңыздың ықтималдығы тым үлкен болғандықтан өзіңізбен бірге оқи тұруға бірдеңе ала келіңіз. Студенттер сабақ арасындағы бос уақытты ЖОО-на жақын жерде тілдік курстарына жазылып, толтыра алады. Құр әңгімелесуден гөрі бұл іс көбірек пайдасын тигізеді. Әрдайым қалта сөздіктің жаныңызда болуы артық емес: жаңа сөздерді жаттауға кіріссеңіз, кез келген жерде жай отырмайтын боласыз.

Көлік кептелісі айрықша мәселе, мұнда жүргізушілерге қарағанда жолаушылардың оқуға, жазуға, қоңырау шалуға, мәтінді басуға да мүмкіндіктері бар. Ал көлік айдаушыларға үнемі жолды бақылау керек, сондықтан олардың қолдарынан келетіні тек аудиокітаптарды тыңдау , мойын жаттығуларын жасау және блютуз арқылы еркін сөйлесу. Көлік кептелісінде бойжеткенкендер сыртқы келбеттері мен сөмкелерін тәртіпке келтіріп те үлгереді. Адамдарға лық толы қоғамдық көліктерде құлаққап тағып, музыка тыңдауға ғана жағдай бар.

Берілген кеңестер жалықтырған немесе пайдасыз болып қалғанда, сіздің уақытты тиімді өткізудің жаңа әдістерін ойлап табумен айналысуыңызға болады. Ең бастысы, уақыттың қайтарылмайтыны мен кейін бұрылмайтынын есіңізден шығармаңыз. Осы орайда қазақ халқының «Өткен күнді қуып жетпессің» деген нақыл сөзі орынды деп санаймыз.

![Уақытты басқаруды қалай үйренуге болады?](https://storage.yvision.kz/images/user/zhaskenes2012/E9JFkF1v47K62sRQ07V7s5d9C9ckBF.jpg)

Ал сіз уақытыңызда қалай басқарасыз? Бөлісуіңізді сұраймыз.

**Біздің беттерімізге жазылыңыз:**

[https://www.facebook.com/zhaskeneskaz](http://www.facebook.com/zhaskeneskaz)

[https://vk.com/zhas_kenes](http://vk.com/zhas_kenes)

[https://twitter.com/Zhas_Kenes](http://twitter.com/Zhas_Kenes)

[http://instagram.com/zhaskenes](http://instagram.com/zhaskenes)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ua-ytty-bas-arudy-alay-yrenuge-bolady-356443](https://yvision.kz/kk/post/ua-ytty-bas-arudy-alay-yrenuge-bolady-356443)