---
title: "Уақыт белдеуі қайтадан бұрынғы қалпына келуі мүмкін бе?"
description: "Бүгін журналистердің осы сұрағына Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жауап берді. Фото: gov.kz Қазір еліміздің уақыт белдеуін бұрынғы қалпына қайтару жөніндегі петицияға қол жиналып жатыр. Бүгінге дейін 40 мың адам қол қойыпты. Ал Үкімет..."
author: "orazali"
published: "2024-06-05T10:05:33+00:00"
modified: "2024-06-05T10:05:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ua-yt-beldeui-aytadan-b-ryn-y-alpyna-kelui-m-mkin-be-1005335"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ua-yt-beldeui-aytadan-b-ryn-y-alpyna-kelui-m-mkin-be-1005335/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Уақыт белдеуі қайтадан бұрынғы қалпына келуі мүмкін бе?

> Бүгін журналистердің осы сұрағына Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жауап берді. Фото: gov.kz Қазір еліміздің уақыт белдеуін бұрынғы қалпына қайтару жөніндегі петицияға қол жиналып жатыр. Бүгінге дейін 40 мың адам қол қойыпты. Ал Үкімет...

*Бүгін журналистердің осы сұрағына Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин жауап берді. *

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/6b2f236d1e6bb70836de16556a15e5.jpg)

*Фото: gov.kz*

Қазір еліміздің уақыт белдеуін бұрынғы қалпына қайтару жөніндегі петицияға қол жиналып жатыр. Бүгінге дейін 40 мың адам қол қойыпты. Ал Үкімет бұл мәселені қайта қарауы үшін 50 мың тұрғынның қолдауы қажет.

"Петицияға 50 мың қол жиналған соң арнайы жұмыс тобын құрамыз. Сөйтіп, заңда бекітілген тәртіппен мемлекеттік органдарды, сарапшыларды қатыстыру арқылы бұл мәселені қарастырамыз. Ал бұрынғы уақыт болдеуі қайтарылуы мүмкін бе, мүмкін емес пе дегенге бүгін жауап бергім келмейді. Петиция 50 мың қолды жинай ала ма, соны күтейік", - деді вице-премьер.

Айта кетейік, Қазақстан биыл 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ua-yt-beldeui-aytadan-b-ryn-y-alpyna-kelui-m-mkin-be-1005335](https://yvision.kz/kk/post/ua-yt-beldeui-aytadan-b-ryn-y-alpyna-kelui-m-mkin-be-1005335)