---
title: "Уәлихан ауданының жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы"
description: "А.ж. 24 шілдеде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент..."
author: "finpolsko"
published: "2015-07-28T05:19:23+00:00"
modified: "2015-07-28T05:19:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/u-lihan-audanyny-zhastary-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-525453"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/u-lihan-audanyny-zhastary-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-525453/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Уәлихан ауданының жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы

> А.ж. 24 шілдеде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент...

![Уәлихан ауданының жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/VGxu3e2N5lQgAWmpZ0AMgjY3aC7r4Z.jpg)

А.ж. 24 шілдеде СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бастамасымен «Уәлихан ауданының жастар бастамалары орталығы» КММ қоғамдағы жемқорлық сипаттарына «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру бойынша семинар өткізілді.

![Уәлихан ауданының жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/qaT916nGkyBQD76L48LgOR1YWU4prd.jpg)

Семинарға ауданның мемлекеттік органдарының жас қызметкерлері, жас кәсіпкерлер, этно-мәдени орталықтар, қоғамдық және жастар ұйымдарының өкілдері мен жастар қатысты.Кездесуде 2015-2025 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ұғымдары, мемлекеттік қызметке өту тәртібі, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістеріне жастардың көзқарасы талқыға салынды.

![Уәлихан ауданының жастары сыбайлас жемқорлыққа қарсы](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/KreyaAwnNjHZh70YrP37ubGTOnY1U1.jpg)

Іс-шара барысында сауалнама жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы слайдтар мен бейне роликтер көрсетілді, бұған қоса ақпараттық үнпарақтар таратылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/u-lihan-audanyny-zhastary-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-525453](https://yvision.kz/kk/post/u-lihan-audanyny-zhastary-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-525453)