---
title: "Қу арман-ай, арман-ай, неге алдайсың?"
description: "Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Саксофон: Юнг Юн Су ( Встреча)Бейнематериал авторы – Т..."
author: "Aikosmuz"
published: "2018-11-07T06:58:54+00:00"
modified: "2018-11-07T06:58:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/u-arman-ay-arman-ay-nege-aldaysy-818751"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/u-arman-ay-arman-ay-nege-aldaysy-818751/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қу арман-ай, арман-ай, неге алдайсың?

> Өлең авторы – Айгүл СағымбайқызыӘуен авторы – Саксофон: Юнг Юн Су ( Встреча)Бейнематериал авторы – Т...

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Саксофон: Юнг Юн Су ( Встреча)

Бейнематериал авторы – Татьяна А.

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

Бауыржан Бекмұхаммедұлы

Вконтакте – https://vk.com/public56982889

Инстаграмм – aikosmuz

Мекен жайын таба алмадым, арманның,

Сиқырлы әлем, қайда сенің тұрағың.

Мақтанасың кей кезде, асып-тасып,

Ал кей кезде қабағың, қалады қатып.

Оңай емес аумалы, тұрған шақта,

Қолым жетті дегенде, алыстайсың.

Сан құбылып, қайтадан шақырғайсың,

Қу арман-ай, арман-ай, неге алдайсың?

Қайран өмір, армансыз, кісі өткен бе,

Не жетсін, арман қуып, іс еткенге.

Мейлі болсын армандар, кейде елес,

Онсыз өмір ағыны, қызық емес.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/u-arman-ay-arman-ay-nege-aldaysy-818751](https://yvision.kz/kk/post/u-arman-ay-arman-ay-nege-aldaysy-818751)