---
title: "ҚТЖ станция жолдарын заңсыз жалға беріп отырған"
description: "Прокуратура «Қазақстан темір жолдарының» вокзал жолдарын жалға беру әрекетіне қатысты сотқа арыз түсірді. Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау - прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі. Бұл салада мемлекеттік ұйымдардан өз активтерін..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-19T11:58:21+00:00"
modified: "2024-06-19T11:58:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tzh-stanciya-zholdaryn-za-syz-zhal-a-berip-otyr-an-1005822"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tzh-stanciya-zholdaryn-za-syz-zhal-a-berip-otyr-an-1005822/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ҚТЖ станция жолдарын заңсыз жалға беріп отырған

> Прокуратура «Қазақстан темір жолдарының» вокзал жолдарын жалға беру әрекетіне қатысты сотқа арыз түсірді. Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау - прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі. Бұл салада мемлекеттік ұйымдардан өз активтерін...

*Прокуратура «Қазақстан темір жолдарының» вокзал жолдарын жалға беру әрекетіне қатысты сотқа арыз түсірді.*

Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау - прокурорлық қадағалаудың басым бағыттарының бірі. Бұл салада мемлекеттік ұйымдардан өз активтерін билік ету кезінде заң бұзушылықтар жүйелі түрде анықталып отырады.

Соңғы талдау барысында «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік мүлікке билік ету кезінде негізсіз артықшылық беру фактілері анықталды.

Осылайша, теміржол операторы 3 жыл бойы «Востокмашзавод» АҚ-ға мүліктік жалға беруге жатпайтын станция жолдарын уақытша меншікке берді. Бұл жалға алушыларға бос тұрған вагондардың 4 миллиард теңгеге жуық міндетті төлемдерінен жалтаруға мүмкіндік берген.

Осыған байланысты прокуратура Абай, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды облыстарының соттарына жалға беру шарттарын бұзу туралы, талап арыздар берді.

Қазіргі уақытта қадағалау органының талаптары толық көлемде қанағаттандырылды (сот шешімдері заңды күшіне енген жоқ).

**Бас көлік прокуратурасы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tzh-stanciya-zholdaryn-za-syz-zhal-a-berip-otyr-an-1005822](https://yvision.kz/kk/post/tzh-stanciya-zholdaryn-za-syz-zhal-a-berip-otyr-an-1005822)