---
title: "Тыныштық - сендегі бар ең құнды нәрсе"
description: "Ол мәңгілік және соңғы дем қалғанша адаммен бірге қалады.Бала кезіңде кез-келген бұрышта жаңа, қызық..."
author: "begimk"
published: "2018-02-18T12:06:55+00:00"
modified: "2018-02-18T12:06:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tynyshty-sendegi-bar-e-ndy-n-rse-797042"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tynyshty-sendegi-bar-e-ndy-n-rse-797042/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тыныштық - сендегі бар ең құнды нәрсе

> Ол мәңгілік және соңғы дем қалғанша адаммен бірге қалады.Бала кезіңде кез-келген бұрышта жаңа, қызық...

Ол мәңгілік және соңғы дем қалғанша адаммен бірге қалады.

Бала кезіңде кез-келген бұрышта жаңа, қызықты, зерттелмеген, әр күніңде ондаған бастамалар. Әр алған әсер мектеп ауласында құлағаннан қалған тізедегі тыртық сияқты сенің ішіңде де, сыртыңда да мәңгіге қалады. Мүмкін оның барлығы бірінші рет болғаннан кейін өткірленіп есте қалар?

Менің балалық шақ туралы суретім - ол бос, күзгі (құм қоңыр түсті және іздер анық сақталады), маусымдық емес кафелер мен жалғызсыраған қолшатыр-саңырауқұлақтарға толы абшерон жағалауы. Жел соғуда. Тұзды және эмоцияға толы...

Анам менің қолымнан ұстап алған, алысқа қарап, жағалауда тұрмыз. Менің жасым бесте, әкемнің бірнеше өлшемге кең көк көртешесін киіп алғанмын - иығымнан түсіп бара жатыр. Жел болса анамның қоңыр қалың шаштарын сұрыптауда. Оның қолы қара торы, жұқа терісінен көкшіл тамырлары көрініп тұр, тырнақтары шие тусті лакпен боялған.

Үндемейміз. Бір көңілді сылтау тауып алып (қандай екені есімде жоқ), барлығынан өз тыныштығымызға қашып кеткенбіз. Ол тыныштық екеумізде біреу болатын. Мүмкін оны екеуміз бірдей сезінетінбіз?...

Анам қалтасынан сары алманы шығарып, тізерлеп отырып, маған ұсынды. "Тыныштық - сендегі бар ең құнды нәрсе, Финик".

Біраз уақыттан кейін үйге қарай қайттық, ол жақтан таныс дауыстар, самаурын шәйінің иісі шықты. Ас үйде әжем асқабақ салындысы бар ыстық нанға май жағып отыр екен, ал аулада желмен бірге темір шатыр шиқылдауда.

Эльчин Сафрли. Теңіз туралы айтып берші. 2 бөлім.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tynyshty-sendegi-bar-e-ndy-n-rse-797042](https://yvision.kz/kk/post/tynyshty-sendegi-bar-e-ndy-n-rse-797042)