---
title: "Тыныш ақырын ғана Қытай колониясына айналу!"
description: "Назарбаев пен Қытай арасындағы келісімге байланысты қытай инвесторларына 5 жыл уақыт көлемінде өнер..."
author: "kurmanovainur"
published: "2017-10-07T05:05:01+00:00"
modified: "2017-10-07T05:05:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tynysh-a-yryn-ana-ytay-koloniyasyna-aynalu-780948"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tynysh-a-yryn-ana-ytay-koloniyasyna-aynalu-780948/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тыныш ақырын ғана Қытай колониясына айналу!

> Назарбаев пен Қытай арасындағы келісімге байланысты қытай инвесторларына 5 жыл уақыт көлемінде өнер...

![Тыныш ақырын ғана Қытай колониясына айналу!](https://storage.yvision.kz/images/user/kurmanovainur/Tdg5Q3IzD280ew2FEL4caVN24n7oOH.jpg)

Назарбаев пен Қытай арасындағы келісімге байланысты қытай инвесторларына 5 жыл уақыт көлемінде өнеркәсіп заводтарының қажеттілігіне қазақ елді мекендерінен 3-5 км алысырақ жерден жер беріледі. Өйткені аңқау қазақ қытайлардың қалай көбейіп жатқанын байқамай аңдамай қалсын деген ниетпен 51 завод пен өнеркәсіп орындарындағы жұмыс жасайтын жұмыскерлер саны да жасырын құпия ұсталынатын болады. Қытай заводтары мен өнеркәсіп орындары ашылса олар өз аспазшысынан бастап тек өз мамандарын алып келетіні айдан анық. Олар үшін тұратын жатақхана ,мектеп, больница, поликлиника және дүкендер ойын сауық орталықтары салынады. Солай қытай Чайнатаундары көбейеді.

Қазахстанда туылған қытай балалары Қазахстан азаматтығын алып өседі.Қытай азаматтары Қазақ қыздарына саналы түрде үйленіп көбею жоспарын жүзеге асырады. Біздің елде қыздар саны ер азаматтардан көп екенін ескерсек қытайдың 80 млн еркегі өзіне әйел жұп таба алмай жүр. Қазақтың қызына үйленген қытай азаматтарына өз үкіметі тарапынан әр түрлі материалдық қолдаулар көрсетілетін болады. Үй көлік алу жәнеде сол заводтарда жұмыс орнымен қамтамасыз ету деген сыяқты. Ал сол 51 заводпен өнеркәсіп орындарынан түскен пайданы Қытай келі ғана көретін болады. Бәлкім биліктегі белгілі бір топтармен бөлісер. Тіпті ештеңе де бөліспей "Ақтобе синоил компани" сыяқты тек қана салық төлеп өздерін қарқынды дамыту үшін жұмыс жасайды. Ел бюджетіне ешқандай көмек көрсетпеуі әбден мүмкін. Әрі қарай сол заводтарының алып жатқан территориясын үлкейтіп қанат жая бастайды. Біз бен сіздің балаңыз немереңіз өскен кезде Қазақстан азаматтығын алған қытай азаматының саны мен Қазақ халқының сан көрсеткіші 50=50 пайыз болу әбден мүмкін. (Күнде Қазақстанға 48 қытай азаматы келуде). Балалаларымыз бен немерелеріміз кәмелетке толғанда қытай балалары да өсіп жетіліп біздің елдің саяси өміріне араласа бастайды. Арада ұзақ уақыт өтпей қазқтар Қытайға өз еркімен қосылуы жөнінде Референдум өткізу керек деген әңгіме шығады. Осылай немерелеріміз Синьзян-Қазақ автономиялық огругінің азаматы болып шыға келеді. Мен көріпкел балгер емеспін. Бірақ болып жатқан жағдайлар осындай ой түйіндеуіме себеп болды. Біз Қазақ ұлты ретінде жер бетінен жоқ болудың алдында бастауында тұрмыз. Әлде менің ойым, пікірім қате ма? Сіз қалай ойлайсыз? **Аслан Курманбаев**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tynysh-a-yryn-ana-ytay-koloniyasyna-aynalu-780948](https://yvision.kz/kk/post/tynysh-a-yryn-ana-ytay-koloniyasyna-aynalu-780948)