---
title: "Тығырықтан жол тапқан (эксклюзивті суреттер)"
description: "4 желтоқсан күні «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының жалғасы «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің тұсаукес..."
author: "ehistory"
published: "2014-11-27T22:58:49+00:00"
modified: "2014-11-27T23:41:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ty-yry-tan-zhol-tap-an-eksklyuzivti-suretter-444032"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ty-yry-tan-zhol-tap-an-eksklyuzivti-suretter-444032/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тығырықтан жол тапқан (эксклюзивті суреттер)

> 4 желтоқсан күні «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының жалғасы «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің тұсаукес...

![Тығырықтан жол тапқан (эксклюзивті суреттер)](https://storage.yvision.kz/images/user/ehistory/WAPB7ga6dA7rxyV8kFX1vZno5tgXx1.jpg)

**4 желтоқсан күні «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының жалғасы «Тығырықтан жол тапқан» фильмінің тұсаукесері болады. Түсірілім барысынан түсірілген эксклюзивті суреттерді оқырман назарына ұсынамыз.**

Жаңа туындыда Елбасының 1971 — 1977 жылдары аралығындағы өмірінің кезеңдері бейнеленген.

![Тығырықтан жол тапқан (эксклюзивті суреттер)](https://storage.yvision.kz/images/user/ehistory/3qGOxvWlE2f2R26d3rINyS6Dl7FW5U.jpg)

Ауыр жағдайға ұшыраған Қазақстан металлургиясының жай-күйін көтеруге ұмтылып, үлкен саясатқа қадам басқан Н.Ә. Назарбаевтың сол кездегі қызметі мен ішкі толғаныстары бейнеленген кино туынды кезекті рет көрермендерін қуантпақ.

![Тығырықтан жол тапқан (эксклюзивті суреттер)](https://storage.yvision.kz/images/user/ehistory/9jT7FeJ44uPp0yYCCB33IBI7VL12S2.jpg)

Түсірілім 2014 жылдың ақпан айында басталған. 1976 жылы Н.Ә. Назарбаевтың «Правда» газетінде мақаласы жарық көріп, М. А. Сусловпен кездескендіктен Мәскеуде-де түсірілім жұмыстары жүргізілген.

![Тығырықтан жол тапқан (эксклюзивті суреттер)](https://storage.yvision.kz/images/user/ehistory/279wmVRScN7z96wFeJGRup1XOb5HLc.jpg)

Сондай, ақ түсірілім барысына отандық кино актерлармен қатар Ресейлік танымал жұлдыздар қатысты.

![Тығырықтан жол тапқан (эксклюзивті суреттер)](https://storage.yvision.kz/images/user/ehistory/nUuYrURC38urb2HI0Ok2Rb1pol8pcQ.jpg)

Атап айтар болсақ: В. И. Гафт, Е. В. Сидихин, В. А. Стеклов, Е. А. Стычкин, В. И. Сухоруков секілді майталмандар кино туынды түсірілімінде өздеріне бекітілген рөлдерді сомдап шықты.

![Тығырықтан жол тапқан (эксклюзивті суреттер)](https://storage.yvision.kz/images/user/ehistory/jGvQt21jekq1m52B9o89409xvlPBz0.jpg)

![Тығырықтан жол тапқан (эксклюзивті суреттер)](https://storage.yvision.kz/images/user/ehistory/wK80204jMhRq8wv9u66LKMhri1C3s3.jpg)

*«Қазақстан тарихы» веб-порталы*

*Суреттер кинорежиссер Рүстем ӘБДІРАШОВТЫҢ жеке мұрағатынан алынды.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ty-yry-tan-zhol-tap-an-eksklyuzivti-suretter-444032](https://yvision.kz/kk/post/ty-yry-tan-zhol-tap-an-eksklyuzivti-suretter-444032)