---
title: "Твиттердің визуалиязациялары"
description: "Сіз Твиттерді күнделікті өмірде (біреуге қызық естілетін шығар, бірақ шынымен де көп адамдар үшін ол..."
author: "Arsik"
published: "2009-08-30T11:31:12+00:00"
modified: "2009-08-30T11:31:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tvitterdi-vizualiyazaciyalary-16922"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tvitterdi-vizualiyazaciyalary-16922/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Твиттердің визуалиязациялары

> Сіз Твиттерді күнделікті өмірде (біреуге қызық естілетін шығар, бірақ шынымен де көп адамдар үшін ол...

Сіз Твиттерді күнделікті өмірде (біреуге қызық естілетін шығар, бірақ шынымен де көп адамдар үшін ол күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналды, мен де солардың қатарындамын) қолданатын болсаңыз, мына сервистерге назар аударыңыз. Маңыздылығы жоқ болса да, әдемі визуализациямен көзге түседі.

### Visible Tweets

[Visible Tweets](http://visibletweets.com/) іздеу бойынша твиттерді көрсетеді. Анимациясы керемет! Бұл твиттер-мешаптың бір минусы - тек латын әріптерді қабылдауында.

![Твиттердің визуалиязациялары](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/4D21U5jJ4r5hMl5hhg7r65Znssk0Qh.jpg)

![Твиттердің визуалиязациялары](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/5d9dly3E5a1VLBktb34PJktJo0Idi5.jpg)

![Твиттердің визуалиязациялары](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/5jH7n9a6hTK9ioqV7ASOt1qGXrUSw9.jpg)

**Twittervision**

[Twittervision](http://twittervision.com/) - бұл твиттер-мешаптардың ішіндегі ең алғашқысы. Картада дәл қазір жарияланған твиттер географиялық орнымен қоса көрсетіледі. Сервис өз API-на ие, бірақ сізге таныс емес адамдардың апдейттерін көрсетеді.

![Твиттердің визуалиязациялары](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/l49dM2lX4A5xLAMz1soqA7W8zObkPD.jpg)

**Twistory**

[Twistory](http://twistori.com/) - бұл да бұрыннан пайда болған әдемі сервис. Ол I love | hate | think | believe | feel | wish сөздері бар твиттерді көрсетеді. Осыған ұқсас орыс тілді сервис [Твиху](http://twihoo.ru/) бар. Бірақ ол апдейттерді «вчера», «сегодня», «завтра» сөздері бойынша көрсетеді.

![Твиттердің визуалиязациялары](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/Pdy4jFCNauvEgPoNRoOO0FCc2Mpum3.png)

**Toriseye**

[Toriseye](http://toriseye.quodis.com/) - қызықты анимация. Төменде өзіңіздің юзернейміңізді жазып қойсаңыз, құстар ұша бастайды. Біреуіне курсор қойсаңыз, твит (сіздікі не сізге жазылған реплай) пайда болады. Сервис HTML/CSS және JavaScript-те жасалынған.

![Твиттердің визуалиязациялары](http://storage.yvision.kz/images/user/arsik/Uwljf89RKhqRUya5j5TYgSV2Ru64UA.png)

**Social Collider**

[Social Collider](http://socialcollider.net/) түсініксіздеу болса да, сіздің және бөтен твиттердің арасындағы байланысты «суреттейді». Юзернеймді жазып, 5 минут күте тұрыңыз.

![Твиттердің визуалиязациялары](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/jeQIiP3IYj4G704yWKv0bmKxWqy0Vv.jpg)

Бұл тізім толық емес, басқа да түрлі сервистер бар және әлі де болады. Тви-өміріңіз қызықты, әрі пайдалы өтсін!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tvitterdi-vizualiyazaciyalary-16922](https://yvision.kz/kk/post/tvitterdi-vizualiyazaciyalary-16922)