---
title: "«Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу»"
description: "«Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзе..."
author: "ceka"
published: "2014-07-28T00:39:57+00:00"
modified: "2014-07-28T00:39:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tuudy-tirkeu-ony-ishinde-azamatty-hal-aktilerini-zhazbalaryna-zgeristerdi-toly-tyrular-men-t-zetuler-423016"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tuudy-tirkeu-ony-ishinde-azamatty-hal-aktilerini-zhazbalaryna-zgeristerdi-toly-tyrular-men-t-zetuler-423016/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу»

> «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзе...

«Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу»  мемлекеттік қызмет стандарты:
Мемлекеттік қызмет «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің, «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңын негізге алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзіміне кірмейді).
Бекітілген стандарттың (ҚР Үкіметінің 2012 жылдың 6 қыркүйегіндегі №1160 Қаулысымен) 11-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 күнге дейін ұзартылады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі мемлекеттік қызмет алушыны 2 жұмыс күні ішінде хабарландыра отырып, күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартылады.
Тууды тіркеу үшін мемлекеттік қызмет алушы не оның өкілетті өкілі уәкілетті органға немесе орталыққа:
1) белгіленген нысандағы өтінішті (осы стандартқа 3-қосымша);
2) 2008 жылға дейін неке қиюды тіркеген тұлғалар үшін ата-анасының неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлігінің көшірмесін;
3) баланың тууы туралы емдеу мекемесінің анықтамасын;
4) өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжатты ұсынады.
Баланың тууы белгіленген мерзімді бұза отырып тіркелген жағдайда:
1) ата-анасының түсініктемесі;
2) баланың туған жері мен ата-анасының тұратын жері бойынша туу туралы актілік жазбаның жоқтығы туралы аумақтық әділет органының анықтамасы (бала 2008 жылға дейін туған жағдайда);
3) баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы медициналық анықтамасы;
4) өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжат.
Туу туралы актілік жазбаға өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуді тіркеу үшін мемлекеттік қызмет алушы:
1) бекітілген стандартқа 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтінішті;
2) мемлекеттік қызмет алушының туу туралы куәлігін, егер куәліктің төлнұсқасы жоғалған болса – туу туралы тіркеу анықтамасын.
3) өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізудің қажеттігін растайтын құжаттарды;
4) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжатты немесе салықтық жеңілдіктерді берудің негізі болып табылатын құжатты;
5) өкілдің өкілеттіктерін растайтын құжатты ұсынады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tuudy-tirkeu-ony-ishinde-azamatty-hal-aktilerini-zhazbalaryna-zgeristerdi-toly-tyrular-men-t-zetuler-423016](https://yvision.kz/kk/post/tuudy-tirkeu-ony-ishinde-azamatty-hal-aktilerini-zhazbalaryna-zgeristerdi-toly-tyrular-men-t-zetuler-423016)