---
title: "Туу туралы куәлік-өмірдегі ең алғашқы ресми төлқұжат"
description: "Бала туылды. Енді нәрестеге ата-аналық қамқордан бөлек, өз елінің заңды азаматы болуы қажет. Ол үшін..."
author: "TARAZ_CON_1"
published: "2016-03-24T05:38:12+00:00"
modified: "2016-03-24T05:38:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tuu-turaly-ku-lik-mirdegi-e-al-ash-y-resmi-t-l-zhat-685287"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tuu-turaly-ku-lik-mirdegi-e-al-ash-y-resmi-t-l-zhat-685287/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Туу туралы куәлік-өмірдегі ең алғашқы ресми төлқұжат

> Бала туылды. Енді нәрестеге ата-аналық қамқордан бөлек, өз елінің заңды азаматы болуы қажет. Ол үшін...

Бала туылды. Енді нәрестеге ата-аналық қамқордан бөлек, өз елінің заңды азаматы болуы қажет. Ол үшін баланың құқығын анықтайтын туу туралы куәлік құжаты қажет.

Стандартқа сәйкес, бұл мемлекеттік қызмет ұзақ күрделі атауға ие-"[Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу](http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V15N0005968#z13)";

Сонымен, ХҚКО-ға жүгіне отырып мемлекеттік қызметті рәсімдеу үшін: ата-ананың жеке куәліктері, неке туралы куәлік, туылуы туралы медециналық куәлік немесе туылу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі қажет.

Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі. 2 жұмыс күннен кейін нәрестенің ең алғашқы ресми құжаты дайын болады.

Сондай-ақ, ХҚКО-ға жүгіну уақытын «Электрондық Үкімет» порталында кезекті онлайн брондауға болады.

 

**«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tuu-turaly-ku-lik-mirdegi-e-al-ash-y-resmi-t-l-zhat-685287](https://yvision.kz/kk/post/tuu-turaly-ku-lik-mirdegi-e-al-ash-y-resmi-t-l-zhat-685287)