---
title: "Туу туралы куәлік 3 күннің ішінде дайын болуы керек – Мақтарал ауданы АХАЖ секторының меңгерушісі Айнұр Бекманова"
description: "Бүгін Мақтарал ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Мемлекеттік қ..."
author: "Makhtaralbaspasoz"
published: "2016-07-28T00:18:45+00:00"
modified: "2016-07-31T06:24:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tuu-turaly-ku-lik-3-k-nni-ishinde-dayyn-boluy-kerek-ma-taral-audany-ahazh-sektoryny-me-gerushisi-ayn-704289"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tuu-turaly-ku-lik-3-k-nni-ishinde-dayyn-boluy-kerek-ma-taral-audany-ahazh-sektoryny-me-gerushisi-ayn-704289/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Туу туралы куәлік 3 күннің ішінде дайын болуы керек – Мақтарал ауданы АХАЖ секторының меңгерушісі Айнұр Бекманова

> Бүгін Мақтарал ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Мемлекеттік қ...

**Бүгін Мақтарал ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Мемлекеттік қызметтер» туралы семинар өткізді. Іс-шараға Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары, АХАЖ секторының басшылары, БАҚ өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.**

![Туу туралы куәлік 3 күннің ішінде дайын болуы керек – Мақтарал ауданы АХАЖ секторының меңгерушісі Айнұр Бекманова](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/13882126_315482168840564_3838350213800891772_n.jpg?oh=a66b11a6034e8c01510c8b4954c802b0&oe=581722A9)

Айта кетейік, «Мемлекеттік қызметтер» туралы семинар бірнеше тақырыптарға бөлінген. Бүгінгі тақырып «Ахаж секторына» арналды.

АХАЖ секторының меңгерушісі Айнұр Бекманова сектордың халыққа көрсететін қызметтері туралы толық түсіндіріп, қатысушылар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар, сектор басшысы жақында ғана қабылданған жаңа заң туралы айтты. «Жаңа заң бойынша, жаңадан туылған сәбидің ТУУ туралы куәлігі 3 күннің ішінде дайын болуы керек. Дайын болмай қалған жағдайда құжаттар жағынан қиындық туындайды. Баласына есім қоюды ұзақ ойланатындар асығуы керек» - дейді Айнұр Бекманова. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастырушылары «Мемлекеттік қызметтер» туралы семинар басқа да тақырыптармен жалғасын табатынын айтты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tuu-turaly-ku-lik-3-k-nni-ishinde-dayyn-boluy-kerek-ma-taral-audany-ahazh-sektoryny-me-gerushisi-ayn-704289](https://yvision.kz/kk/post/tuu-turaly-ku-lik-3-k-nni-ishinde-dayyn-boluy-kerek-ma-taral-audany-ahazh-sektoryny-me-gerushisi-ayn-704289)