---
title: "Туу мен қайтыс болуды уақытында тіркеу маңыздылығы"
description: "Азаматтық хал актілерін тіркеу және олардың ішіндегі өзгерістерді уақытында және толығымен тіркеу – ..."
author: "ceka"
published: "2015-04-14T11:50:46+00:00"
modified: "2015-04-14T11:50:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tuu-men-aytys-boludy-ua-ytynda-tirkeu-ma-yzdyly-y-491527"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tuu-men-aytys-boludy-ua-ytynda-tirkeu-ma-yzdyly-y-491527/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Туу мен қайтыс болуды уақытында тіркеу маңыздылығы

> Азаматтық хал актілерін тіркеу және олардың ішіндегі өзгерістерді уақытында және толығымен тіркеу – ...

Азаматтық хал актілерін тіркеу және олардың ішіндегі өзгерістерді уақытында және толығымен тіркеу – АХАЖ органдарының жұмысының маңызды қағидасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы және ззаматтық хал актілерін тіркеу Ережесі тууды тіркеудің екі ай мерзімін белгілейді.Перзентханада туған кезде, аналары тууды тіркеу тәртібі мен мерзімдері жөнінде кеңес алып, тууды тіркеу туралы өтінішті толтырады. Тууды тіркеу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: перзентханамен берілген туу туралы медициналық анықтама, , егер некеде тұрған болса, неке қию туралы куәлігінің көшірмесі. АХАЖ органдары туу туралы акт жазбасын әзірлеп, ата-анасына баланың туу туралы куәлігін береді.Екі ай мерзім ішінде уақытында тіркелген туу туралы ақпарат – баланың тууына байланысты біржолғы жәрдемақы және ай сайын төленетін жәрдемақының уақытында алуына ықпал етеді..

Екі ай мерзімі бұзған жағдайда, туу ерекше тәртіпте тіркеледі. 2 айдан 1 жылға толған балаларды тіркеу үшін АХАЖ органдарымен тууды тіркеу мерзімін ұзарту туралы материал жасалынып, ал 1 жастан 16 жасқа дейінгі балалардың тууын тіркеу мерзімі өткен кезде қорытынды жасалынып, аумақтық әділет органдарымен бекітіліп рәсімделеді.

АХАЖ органдарында қайтыс болудың тіркелуі қайтыс болу туралы дәрігерлік куәліктің негізінде, қаза болған туыстарының өтінішімен тіркеледі. Қайтыс болу туралы өтініші жазбаша түрде тұрғылықты тұрған жері немесе қайтыс болған жері бойынша АХАЖ органына беріледі. Қайтыс болуды тіркеу кезінде қаза болған адамның жеке куәлігі АХАЖ органына тапсырылады, кейін ол ХҚжТЖҰБ-не тіркеуден шығару үшін жолданады.

Қайтыс болуды тіркеген кезде қайтыс болу туралы куәлік пен біржолғы жәрдемақы алуға арналған анықтамасы беріледі.

Азаматтық хал актілерінің уақытында және толығымен тіркелмегені статистикалық деректердің бұрмалауына жол берілмейді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tuu-men-aytys-boludy-ua-ytynda-tirkeu-ma-yzdyly-y-491527](https://yvision.kz/kk/post/tuu-men-aytys-boludy-ua-ytynda-tirkeu-ma-yzdyly-y-491527)