---
title: "Туберкулезбен сырқаттанушылықты төмендету жөніндегі республикалық штабтың кеңейтілген отырысы болып өтті"
description: "Жиынға мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың өкілдері қатысты. Штаб отырысында Туберкулез..."
author: "MTSZN_RK"
published: "2014-10-16T08:54:33+00:00"
modified: "2014-10-16T08:55:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tuberkulezben-syr-attanushyly-ty-t-mendetu-zh-nindegi-respublikaly-shtabty-ke-eytilgen-otyrysy-bolyp-434313"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tuberkulezben-syr-attanushyly-ty-t-mendetu-zh-nindegi-respublikaly-shtabty-ke-eytilgen-otyrysy-bolyp-434313/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Туберкулезбен сырқаттанушылықты төмендету жөніндегі республикалық штабтың кеңейтілген отырысы болып өтті

> Жиынға мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың өкілдері қатысты. Штаб отырысында Туберкулез...

Жиынға мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың өкілдері қатысты.

Штаб отырысында Туберкулез проблемалары ұлттық орталығының директоры Т.Әбілдаев, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары А.Базылбеков, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармаларының жетекшілері баяндама жасады.

Салидат Қайырбекова Қазақстан ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінде ұстанымын жақсартқанымен, туберкулездің дәріге төзімді түрімен сырқаттанушылық көлемінің артуы, сондай-ақ, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі туберкулезге шалдыққан науқастарға көрсетілетін көмек жайы мамандарды алаңдатып отырғанын алға тартты.

Оған қоса, жиынға қатысушылар **жергілікті атқарушы орган** өкілдерінің назарын: жылдам диагностикалау қондырғыларымен жабдықтау, науқастарды әлеуметтік қолдау, туберкулезге қарсы бірқатар ұйымдардың материалдық-техникалық базасын инфекциялық бақылау талаптарына сәйкестендіру сияқты туберкулезге қарсы іс-шаралар көлемінің жеткіліксіз болып отырғанына аударды.

Республикалық штаб шеңберінде ҚР ДСӘД бірінші вице-министрі Медициналық қызметті бақылау комитетіне пенитенциарлық жүйенің туберкулезге қарсы мекемелеріне тексеру жүргізуді тапсырды. Туберкулездің созылмалы түрлерімен ауыратын науқастарды тиісті емдеу мәселелері республикалық штабтың келесі отырысында тыңдалатын болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tuberkulezben-syr-attanushyly-ty-t-mendetu-zh-nindegi-respublikaly-shtabty-ke-eytilgen-otyrysy-bolyp-434313](https://yvision.kz/kk/post/tuberkulezben-syr-attanushyly-ty-t-mendetu-zh-nindegi-respublikaly-shtabty-ke-eytilgen-otyrysy-bolyp-434313)