---
title: "«Туған жер тағдырым» әнінің сөзін ең бірінші болып жүктеуге асығыңыздар!"
description: "Мен 2016 жылдың үздік патриоттық әні ретінде КешYou-дың «Туған жер тағдырым» әнін назарларыңызға ұ..."
author: "inkut"
published: "2016-03-06T06:16:53+00:00"
modified: "2016-04-11T13:52:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-zher-ta-dyrym-nini-s-zin-e-birinshi-bolyp-zh-kteuge-asy-y-yzdar-682166"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-zher-ta-dyrym-nini-s-zin-e-birinshi-bolyp-zh-kteuge-asy-y-yzdar-682166/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Туған жер тағдырым» әнінің сөзін ең бірінші болып жүктеуге асығыңыздар!

> Мен 2016 жылдың үздік патриоттық әні ретінде КешYou-дың «Туған жер тағдырым» әнін назарларыңызға ұ...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/inkut/pP8eW6AhsWoUABgYJtljL99k3qC5CX.jpg)

Мен 2016 жылдың үздік патриоттық әні ретінде КешYou-дың «Туған жер тағдырым» әнін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдім. Және де ең алғаш болып осы әннің сөзімен бөліскім келіп отыр. Қыздар патриоттық өлеңдерімен халықты өзідеріне тәнтті етті. Жарайсыңдар!

**«Туған жер тағдырым»**

Туған жерім тұғырлы өлкем,

Тәй-тәй қадам басқан жерім.

Өзіңде өткен ғұмыр көркем,

Ай-хай далам асқар белім.

Туған жерім,

Мөлдірейді тау жанарымда.

Аспан көгім, жан жүрегім елжірейді-ау!

Естен кетпей жас дәуренім.

***Қайырмасы:***

*Туған жер, туған ел айбыным*

*Гәккулі – аққулы айдыным*

*Жақұтым, бақытым, байлығым сен*

*Туған жер, туған ел тағдырым*

*Сен барда жалғанда бар құным*

*Таусылмас, сарқылмас ән жырым сен*

*Жақұтым, бақытым, байлығым сен*

*Таусылмас, сарқылмас ән жырым сен*

Туған жерім - сен ұлысың бабамры,

Бақ несібім саған деген сағынышым жүрегімнің қақ тесігі.

Туған жерім сүйін көйлек, алтын ұя.

Ақ бесігім сені мәңгі сүю керек,

Сүймегенге жоқ кешірім.

***Қайырмасы:***

*Туған жер, туған ел айбыным*

*Гәккулі –аққулы айдыным*

*Жақұтым, бақытым, байлығым сен*

*Туған жер, туған ел тағдырым*

*Сен барда жалғанда бар құным*

*Таусылмас, сарқылмас ән жырым сен*

*Жақұтым, бақытым, байлығым сен*

*Таусылмас, сарқылмас ән жырым сен*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-zher-ta-dyrym-nini-s-zin-e-birinshi-bolyp-zh-kteuge-asy-y-yzdar-682166](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-zher-ta-dyrym-nini-s-zin-e-birinshi-bolyp-zh-kteuge-asy-y-yzdar-682166)