---
title: "Туған күн"
description: "Көзі қарақты көрермен таңертеңгілік \"Іске сәт\" бағдарламасында жаңа айдар ашылғанын байқаған болу ке..."
author: "khabarkz"
published: "2011-03-31T05:50:39+00:00"
modified: "2011-03-31T05:54:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-k-n-138607"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-k-n-138607/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Туған күн

> Көзі қарақты көрермен таңертеңгілік "Іске сәт" бағдарламасында жаңа айдар ашылғанын байқаған болу ке...

Көзі қарақты көрермен таңертеңгілік "Іске сәт" бағдарламасында жаңа айдар ашылғанын байқаған болу керек. Бұдан былай біз "Хабар" телеарнасында туған күн иелерін құттықтаймыз. Айта кетер жайт - тек қана әйгілі азаматтар емес, қарапайым көрермендерді де мереке күндерінде қуантатын боламыз. Ол үшін tugan-kun@khabar.kz не болмаса, осы блогқа хат жолдап, аталған күні сағат 7-ден 10-ға дейін жанұяңызбен теледидар алдында жиналып, бір марқайып қалмайсыз ба?!

Сен туған күн - мерекеміз, Ән бастайық, кел екеуіміз. Ұмытпа сен, құрбым, Есте қалсын мәңгі бұл күн!

Жан жолдас, туысыңыздың туған күні есінде ұзақ уақытқа сақталып, арайланып атқан таңы көтеріңкі көңіл күй сыйласын десеңіз, бізге ХАБАРласыңыз!

Іске сәт!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-k-n-138607](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-k-n-138607)