---
title: "Туған елге тағзым Рефлексия 3-күн"
description: "Бүгін біз өте көп жерге барып келдік. Таңертен таңғы ас ішіп біз Атырау полиэтилен құбырлар зауытына..."
author: "tamila_karimova"
published: "2017-06-15T10:26:50+00:00"
modified: "2017-06-15T10:26:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-refleksiya-3-k-n-770166"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-refleksiya-3-k-n-770166/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Туған елге тағзым Рефлексия 3-күн

> Бүгін біз өте көп жерге барып келдік. Таңертен таңғы ас ішіп біз Атырау полиэтилен құбырлар зауытына...

Бүгін біз өте көп жерге барып келдік. Таңертен таңғы ас ішіп біз Атырау полиэтилен құбырлар зауытына барып келдік. Осы зауыт 2003 жылы ашылды, соған қарамастан зауыттың территориясы үлкен және таза. Зауыт полиэтилен құбырлар дайындауда жаңа технологиялар қолданылып, қымбат және сапалы шикізатты қолданады. Оның әсерінен құбырлар өте сапалы және үлкен қолданысқа ие. Құбырларды импортқа шығару арқылы, шеврон зауыты Қазақстанның экономикасын көтереді. Зауытта детальдарды жақсы., жаманына қарай бөледі. Мысалы, жақсы жасалған детальдарды олар жасыл түспен белгілейді, ал жаман жасалған детальдарды қызыл түспен белгідейді. Менің ойымша, ол өте жақсы әдіс, себебі, өндірісте тек қана сапалы детальдарды қолдану керек. Содан кейін біз тарихи-өлкетану мұражайына барып келдік, ол жерде біз Атырау қаласының тарихы туралы білдік. Атырау қаласының тарихы өте қызық екен. Бүгін мен Каспий теңізінде итбалық мекендейтіні туралы білдім. Мен үшін ол күтпеген жаңалық болды. Менің ойымша, итбалықтар Каспийде көп өмір сүре алмайды, себебі, Каспийге көп мұнай қалдықтары тастайды. Тарихи-өлкетану мұражайында біз әқ ғасырда табылған Алтын адам туралы көп және жаңа ақпарат білдік. Алтын адам ол самардардың ханы болды, оны жылыой ауданында жерледі. Ежелде адамдар жаңа , өлімнен кейінгі өмірге сенді. Сол арқылы археологтар мен тарихшылар жерленген уақытын және алтын әшекейлердің стилин аңықтады. Маған өнер музейі қатты ұнады, себебі ол өнер мұрадайында осы заманның суретшілірі өз жұмыстарын көрдім. Олар ғасырлар бұрын болған тарихи оқығалар мен тұлғаларды бейнелерің өздері интерпретация жасап қағаз бетіне түрірді. Кейбір қазақ аңыздарың олар бейнеледі. Мысалы, домбыра туралы аңыз. Суретші суреттерді салған кездеғ ол сол оқығаны , не бейнені өз көзімен сипаттайды. Мектепке келген кезде біз химия ғылымнығ ғалымдарымен кездестік. Маған Ардақ Ғанибайқызы айтқан сөздері жаныма батты. Оларда тек қана шындық бар. Себебі, мақсатқа жету үшін тек қана сен талпыну керексің, себебіғ саған ешкім ештенені қол созып әкеп бермейді.Ардақ апай бізге әйел мен ер адамдар арасындағы теңсіздік туралы айтты. Мен ол кісінің пікірімен толықтай келісемін, себебі, ол пікір барлық әлемде, әсіресе Азия елдерінде ғасырлар бойы қалыптасты. Бүгін өте қызықты күн болды. Бүгін мен коммуникация дағдысын дамыттым, себебі, бүгін біз көп адамдармен жүздесіп, пікірлермен алмастық, ойындар ойнадық.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-refleksiya-3-k-n-770166](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-refleksiya-3-k-n-770166)