---
title: "«Туған елге тағзым» Көкшетау(5 күн)"
description: "Бесінші күніміз тарихи ұлы тұлғаларға арналған болатын. Құлшынбай төбесінде жерленген Қарасай-Ағынта..."
author: "IglamovaE"
published: "2015-08-20T12:37:09+00:00"
modified: "2015-08-20T12:37:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-k-kshetau-5-k-n-531702"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-k-kshetau-5-k-n-531702/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Туған елге тағзым» Көкшетау(5 күн)

> Бесінші күніміз тарихи ұлы тұлғаларға арналған болатын. Құлшынбай төбесінде жерленген Қарасай-Ағынта...

*Бесінші күніміз тарихи ұлы тұлғаларға арналған болатын.*

*Құлшынбай төбесінде жерленген Қарасай-Ағынтай батырлардың мемориялдық кешеніне барып, ұлы батырларымыз туралы көп ақпарат алдық. Қос батырдың шыққан рулары өзге болсада, екеунің 50 жылдық достықтары мен бір-біріне деген құрметтері қазіргі таңда біздің жеріміздегі барша халықтың бірлігі мен ынтымағының белгісі болып табылады. Конус тәрізді 16 метрлік мұнара бізді қатты таңдандырды. Өйткені оның құрылысы үш хандықтың бірлігін нышандап тұрғандай әсер қалдырды.*

*

![«Туған елге тағзым» Көкшетау(5 күн)](https://storage.yvision.kz/images/user/iglamovae/L44W2ePeUI5X674C2dVARry1rClCsn.jpg)

*

*ХIХ ғасырдың екінші жартысында Г. Н. Потанин жазып алған Уәлихановтардың отбасына қатысты әңгімеде былай делінеді: «Уәли ханның екі қыстауы болған, бірі - Көкшетаудың шығыс жағындағы хан көлінде, екіншісі - Сырымбетте. Абылайдың бәйбішесі Сайманнан өрген ұрпақтар қазір де сонда (яғни, Бурабай жағасында) тұрады, ал Айғанымның (Уәли ханның кіші әйелі) балалары Сырымбетте»делінгендей, келесі экспедициямыз Айыртау ауданындағы Сырымбет аулындағы Музей-қоныста өтті. Бұл жерде Шоқан Уалихановтың әжесі Айғаныммен бірге балалық шағы өткен.Қоныстың сәулеттік жобасы өте ерекше, әрі оған тұрғын үй, мешіт, медресе, монша кіреді.Мұражай ішінен Ш.Уалиханов туралы көптеген ақпарат алдық.*

*

![«Туған елге тағзым» Көкшетау(5 күн)](https://storage.yvision.kz/images/user/iglamovae/bk4VsZl2nStK1f73E8y1AEACCHQ9Uj.jpg)

*

*

![«Туған елге тағзым» Көкшетау(5 күн)](https://storage.yvision.kz/images/user/iglamovae/3sHvjBaNvL4VfLsu97dI6zUvMS2Mt0.jpg)

*

![«Туған елге тағзым» Көкшетау(5 күн)](https://storage.yvision.kz/images/user/iglamovae/4452IbWJLDOfTSD4EqSoGtP0753ML9.jpg)

![«Туған елге тағзым» Көкшетау(5 күн)](https://storage.yvision.kz/images/user/iglamovae/3dOuADrd4JoLMiTkTjNdT3HB4l9seN.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-k-kshetau-5-k-n-531702](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-k-kshetau-5-k-n-531702)