---
title: "«Туған елге тағзым» Көкшетау(3 күн)"
description: "Үшінші күніміз Көкшетаудың индустриялдық нысандарына арналды. «Тыныс» АҚ деп аталатын зауыт ірі маши..."
author: "IglamovaE"
published: "2015-08-20T12:19:59+00:00"
modified: "2015-08-20T12:19:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-k-kshetau-3-k-n-531698"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-k-kshetau-3-k-n-531698/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Туған елге тағзым» Көкшетау(3 күн)

> Үшінші күніміз Көкшетаудың индустриялдық нысандарына арналды. «Тыныс» АҚ деп аталатын зауыт ірі маши...

*Үшінші күніміз Көкшетаудың индустриялдық нысандарына арналды.*

*«Тыныс» АҚ деп аталатын зауыт ірі машина жасау кәсіпорны болып табылады. Көптеген ұшақ пен тікұшақтардың бөлшектері осы зауытта жасалады.*

*

![«Туған елге тағзым» Көкшетау(3 күн)](https://storage.yvision.kz/images/user/iglamovae/nWnqSSzGIOivfzmNZ0qzF3Q6lbHhTY.jpg)

*

*Келесі экскурсия «КАМАЗ-Инжиниринг» Акционерлік Қоғамында болды. Осы зауыт арқылы біздер камаздардың,автобустардың жасалу жолдарын біле алдық.*

***

![«Туған елге тағзым» Көкшетау(3 күн)](https://storage.yvision.kz/images/user/iglamovae/gUov6xjj9BsLn9bP5JpGkWJgRv826H.jpg)

***

*Кейінгі экскурсиямыз «Көкшетауминводы» деп аталатын зауытта өткен болатын.Бұл Қазақстан Республикасының азық-түлік өнеркәсібіндегі жетекшілердің бірі болып табылады. Оның «Тұран», «Құлагер-Арасан», «Хаома» деп аталатын сауда маркалары бар. Біздер осы зауыттың ішінде сусындарды сақтайтын бөтелкелердің жасалу жолдарын көрген болатынбыз. Ал құрылғылар заманауи құралдармен қамтылған.*

*

![«Туған елге тағзым» Көкшетау(3 күн)](https://storage.yvision.kz/images/user/iglamovae/rSs4j5yLX3T0h61cg510HvY740j97a.jpg)

*

![«Туған елге тағзым» Көкшетау(3 күн)](https://storage.yvision.kz/images/user/iglamovae/Qyehp4219cz5qzEvQDbGB4BC6zEa5N.jpg)

![«Туған елге тағзым» Көкшетау(3 күн)](https://storage.yvision.kz/images/user/iglamovae/tq37fO13wTj1rn36T0gaYZ68OVx4wO.jpg)

*Соңғы экскурсиямыз «ENKI» кірпіш өндіретін зауытында өтті. Осы* *зауыттың іші өте ыстық болып келетінін байқап, жұмыстарды роботтар мен арнайы құрылғылар атқаратынын білдік. Кірпіштердің жасалу жолдары өте қызықты болды.*

*

![«Туған елге тағзым» Көкшетау(3 күн)](https://storage.yvision.kz/images/user/iglamovae/0fnhmR2T69nm38He0Yn6lIEZ974I5k.jpg)

*

*

![«Туған елге тағзым» Көкшетау(3 күн)](https://storage.yvision.kz/images/user/iglamovae/jUWFURQqm4x48e4ZX6eVvGGN2MN93l.jpg)

*

![«Туған елге тағзым» Көкшетау(3 күн)](https://storage.yvision.kz/images/user/iglamovae/y9U8Gvzee0zxE6lNHW63Pj8PZxKz2x.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-k-kshetau-3-k-n-531698](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-k-kshetau-3-k-n-531698)