---
title: "«Туған елге тағзым» Көкшетау(1күн)"
description: "Атырау қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларынан құралған то..."
author: "IglamovaE"
published: "2015-08-20T11:39:04+00:00"
modified: "2015-08-20T11:39:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-k-kshetau-1k-n-505440"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-k-kshetau-1k-n-505440/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Туған елге тағзым» Көкшетау(1күн)

> Атырау қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларынан құралған то...

*Атырау қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары**нан* *құралған топ болып, "Туған елге тағзым" атты зерттеу экспедициясы бойынша Көкшетау қаласына барған болатынбыз. Көкшетау қаласының қонақжайлылығы бізге қатты ұнады, өйткені олар бізге флэшмоб дайындап, жылы жүздерімен құшақ жая қарсы алған болатын.*

*

![«Туған елге тағзым» Көкшетау(1күн)](https://storage.yvision.kz/images/user/iglamovae/Qm2xAqRg6q0cyJgIIpJ020QzrT7kjV.jpg)

*

*Алдымен Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде экспедицияның салтанатты ашылуы өтті. Кейін Жер шоқтығы Көкшетау атты экспедия бастауын алды. Өйткені біздер алғашқы күні қаланың ескерткіштері мен тарихи орындарында болу арқылы қала туралы көптеген мағлұматтар алдық. Бізді көбіне таңғалдырғаны қаланың ішінде көптеген ескерткіштердің болуы. Мысалы: Абылай хан ескерткіші, Біржан сал мен Ақан сері ескерткіштері, Шоқан Уәлиханов ескерткіші, 1979-1989 ж.ж Ауғанстанда қаза болған жауынгерлерге арналған "Ананың ақ тілегі" стелласы, Ұлы Отан соғыс ардагері Т.Я.Бигелдинов ескерткіші, Мәңгілік алау және т.б.*

*Көкшетау қаласымен танысып болғаннан кейін Садовое аулындағы сүт өнімдерін шығаратын «Milk Project» шағын зауытына аттандық. Өнімді күбіге құйып қаптау желісі микроэлементтер мен минералдарға бай сүттің дәмі мен пайдалылығын мұқият сақтайтыны туралы осы кәсіпорынның арқасында білдік.*

*Ал кешкісін әр қала өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетті. Міне, алғашқы күніміз біз үшін өте әсерлі,қызықты болды.*

*

![«Туған елге тағзым» Көкшетау(1күн)](https://storage.yvision.kz/images/user/iglamovae/oni0jnbRpQe86h5h1r2gtaUKd5N2I9.jpg)

*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-k-kshetau-1k-n-505440](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-k-kshetau-1k-n-505440)