---
title: "«Туған елге тағзым» экспедициясы. Қорғалжын қорығы туралы..."
description: "Астана қаласынан 150 км қашықтықта Қорғалжын қорығы орналасқан.Біз Назарбаев Зияткерлік мектебінің о..."
author: "Anuar98"
published: "2014-07-08T10:57:04+00:00"
modified: "2014-07-08T10:57:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ekspediciyasy-or-alzhyn-ory-y-turaly-420027"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ekspediciyasy-or-alzhyn-ory-y-turaly-420027/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Туған елге тағзым» экспедициясы. Қорғалжын қорығы туралы...

> Астана қаласынан 150 км қашықтықта Қорғалжын қорығы орналасқан.Біз Назарбаев Зияткерлік мектебінің о...

Астана қаласынан 150 км қашықтықта Қорғалжын қорығы орналасқан.Біз Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары автобус арқылы 3 сағат жол жүргеннен соң қорыққа жеттік. Негізінен Қорғалжын қорығы 1968ж ұйымдастырылған.Оның жалпы аумағы 543171га. Бұл қорықта құстардың 294 түрі, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 331 түрі, балықтардың 10-ға жуық түрі мекендейді екен.Бұл қорықты тамашалауға тек Қазақстандықтар ғана емес, шетелдіктер де келіп тұрады.Жер бетінде 8-ге жуық құстар ұшып өтетін жол болса, солардың негізгі 3-еуі осы Қорғалжын қорығының үсті арқылы өтеді екен.Бұл қорықтың аумағы өте үлкен болғаннан соң браконьерлер де жоқ емес.Осындай заңсыз жұмыстарға қарсы 70-ке жуық күзетші жұмыс жасайды.Біз қорықтың мұражайында, саябағында болдық.Ол жердің табиғаты өте тамаша. Осылайша Қорғалжын қорығы туралы көптеген мағлұматтар білдік.Алдағы уақытта "Туған елге тағзым" секілді экспедициялар көп болғай!!!

![«Туған елге тағзым» экспедициясы. Қорғалжын қорығы туралы...](https://storage.yvision.kz/images/user/anuar98/eG8679QSrgH8urwE9d33IUEbaH1z13.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ekspediciyasy-or-alzhyn-ory-y-turaly-420027](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ekspediciyasy-or-alzhyn-ory-y-turaly-420027)