---
title: "«Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 6 күн"
description: "6-ші күн (06.06.2015): Шуағын шашып таң да атты. Кезекті экспедициямыз басталатын уақыт та келіп жет..."
author: "Kozybay_Aidana"
published: "2015-06-16T12:00:22+00:00"
modified: "2015-06-16T12:00:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-atyrau-ara-andy-6-k-n-513828"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-atyrau-ara-andy-6-k-n-513828/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 6 күн

> 6-ші күн (06.06.2015): Шуағын шашып таң да атты. Кезекті экспедициямыз басталатын уақыт та келіп жет...

**6****-****ші** **күн (06.06.2015)****:**

Шуағын шашып таң да атты. Кезекті экспедициямыз басталатын уақыт та келіп жетті. Таңғы ас ішкеннен соң, әр қала оқушыларының жартысы Ұлытау шыңдарына, ал, қалған жартысы Алаша хан мен Жошы хан кесенелеріне барасын болып келістік. Кесене өткен ғасырлардың архитектурасын, ата-бабамыздың наным-сенімдерін, мекен еткен жерлерін жіне көптеген ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, ұлы адамдардың рухтарына тағзым етіп қайтқан еш уақытта артық етпейді деген оймен кесенеге баруды жөн көрдім. Сонау Қазақ хандығына дейінгі уақытта салынған құнды жәдігерлерді тамашалап қайту күнде болмас. 2 сағат автобуспен жүріп, *Алаша хан кесенесіне* де жеттік. Кірместен бұрын рухына құран бағыштадық. Кесенеге реставрация жұмыстары жүргізіліп, бұрынғы қалпына қайта келтіріліпті. Ғалымдар кесен кірпіші органикалық заттарды қамтиды дейді. Ал, жергілікті халық аңызына құлақ түрсек, кірпіш қойдың құйрық майы, биенің саумал сүті және жылқының қылы мен топырақ қосылып жасалған екен. Кесе тұрғызылған маңда ондай топырақ жоқ көрінеді. Сонда ол топырақ алыс шалғайлардан тасып әкелінген. Бұл нұсқа шындыққа жанасады және оны ғалымдар да қолдап отыр. Кесене сыртында ромб және алтыбұрыш тәріздес ою-өрнектербар екен. Жалпы, алтыбұрыш өрнегі алты алашты білдіреді және Алаш партиясының белгісі де осы өрнек болған. Алты алаш бірігіп салған бұл кесене сөзсізелі құрмет тұтқан қадірлі, ұлы адамға арналған ғой. Айтпақшы, Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының қызметкері бізбен бірге болған. Сонымен, “Біссімілла” депоң аяғымызбек кесене ішіне үңілдік. Бір қызығы, Алаша хан мұнда жерленбепті, бұл тек оған арнап салынған екен. Кесене ішінде де жоғарғы архитектуралық шеберлік тұнып тұр. Кей кірпіштерде көк бөрі сұлбалары да болған дейді мұғалім. Содан соң, кесене күмбезіне көтерілдік. Күмбез бұрындары көк түсті болыпты. Кейіннен жауын суы шайп кеткен ғой. Біз күмбез кірпішін ұстап тілек тіледік. Содан төменге түсіп, Жошы хан мазарына аттандық.1 сағаттай жолды шегерген соң, кішігірім өзенге жолықтық. Біз, бірнеше лқушы болып, автобус ішінде қалдық. Ал, қалғандары түсіп, өзеннен жаяу өтті. Алайда, автобус өзен маңындағы құмға тіреліп, жүре алмай қалды. Бәрімізге бір жұмылып автобусты итеріп көруге тура келді. Бұл іске аспаған соң ұсақ тастарды теріп әкеп автобус дөңгелектерінің астына қойдық. Содан соң итеріп көріп едік, бақытымызға орай жүріп кеттік. Бұл жағдай күнде бола бермес, әрине. Ыстық ауа­- райы болғанда тас теріп, автобус итерген оңай емес қой. Бірақ бәріміз бірге жұмыла ітеген соң бар қиындық артта қалды. Біраз уақыттан кейін *Жошы хан кесенесіне* де келдік. Көк күмбезі алыстан көз тартып тұрды. Оған да алдымен құран бағыштап, содан кейін ғана ішке кірдік. Кірпіштерінің құрамы Алаша хан кесенесінікімен ұқсас. Бірақ, бұл мазар алдыңғыға қарағанда кірірек екен және күмбезінің көк түсі сақталған. Әрине, реставрация жұмыстары жасалған, бірақ, бағзы қалпының көбірек сақталуы алдыңғы мазардан кейінірек салынғаны белгілі. Ғалымдар XIII ғасыр шамасын беріп тұр. Кесене сыртында екі үлкен ақ тастар жатыр. Аңыз бойынша ол жерге Жошының қаны тамып, аппақ болып қатып қалыпты-мыс. Бұл мазарда күмбезге айналып көтерілетін мүмкіндік жоқ екен. Осыған қарай отырып, Алаша ханның өмірде өте қатты сыйлы болғанын, оның ел арасындағы мәртебесы тым болғанын аңғарамыз. Жошы хан кесенесі бүгінгі экспедициямыздың нүктесін қойды.

Қонақ үйге оралып, кешкі ас іштік. Содан соң, жиналып Жезқазған вокзалына бардық та, Қарағандыға жол тарттық. Осымен, Жезқазғанда өткен екі күдік экспедициямыз шегіне жетіп те қалды. Қазақымның дәл жүрегінде орналасқан Жезқазған көңлімізде жақсы әсер қалдырды. Жезқазған еліміздің индустриялы және ғарыштық дамуына үлес қосып отырған маңызы зор қала екен.

![«Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 6 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/kozybay_aidana/9VtwiS78Z7Q9MMTwCNT10hO703G6TY.jpg)

![«Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 6 күн](http://storage.yvision.kz/images/user/kozybay_aidana/TI0gZcnkWw283OCkDj3WpAFvYfBbrT.png)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-atyrau-ara-andy-6-k-n-513828](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-atyrau-ara-andy-6-k-n-513828)