---
title: "«Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 2 күн"
description: "2-ші күн (02.06.2015): Экспедициямыздың екінші күні Теміртау қаласына автобуспен саяхаттан басталды...."
author: "Kozybay_Aidana"
published: "2015-06-14T11:09:15+00:00"
modified: "2015-06-14T11:09:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-atyrau-ara-andy-2-k-n-513062"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-atyrau-ara-andy-2-k-n-513062/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 2 күн

> 2-ші күн (02.06.2015): Экспедициямыздың екінші күні Теміртау қаласына автобуспен саяхаттан басталды....

**2-****ші** **күн (02.06.2015)****:**

Экспедициямыздың екінші күні *Теміртау қаласына* автобуспен саяхаттан басталды. Теміртау- Елбасымыздың еңбек жолын бастаған елеулі мекен. Сондақтан да дәл осы қалада 2011 жылы *Тұңғыш Президенттің тарихи**-* *мәдени орталығы* ашылған. Сырт пішіні мерекелік киіз үйге ұқсас келетін ғимаратта алты зал бар. Әр залдағы жкспонаттар Елбасының бүкіл ғұмыры туралы сыр шертеді. Оның балалық шағынан бастап, қайсар рухты, алпауыт қазақ елінің президенті болуына дейінгі өмірі, жетістіктері мен достары, отбасы жайлы толық жіне нақты деректер көп. Н.Ә.Назарбаевтың өміріне, оның алып тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізген ғимараттардың шағын макеттері де сақтаулы. Сонымен бірге, президентіміздің сонау Үндістаннан арнайы алдырған алтын жіптермен тігілген шежіресі де ілулі тұр. Орталықта қазіргі Тәуелсіз Қазақстан жайлы, еліміздің 14 облысы туралы көптеген деректер, маңызды құжаттар сақталған. Аталған орталықтың ерекшелігі әр залдың ақпараттық бағаналармен жабдықталуы болып табылады. Оның арқасында келушілер үш тілде де жкспонаттар туралы қосымша ақпарат пен фото, бейне материалдар тамашалай алады. Ғимаратта әртүрлә үйірмелер, зертханалар, галерея, проекциялық құралдармен жабдықталған екі зал бар. Осы залдардың бірінде біз Елбасының қызметтестерімен танысып, жүздестік. 4 қадірлі азаматтар, бірі Елбасымен бірге оқыса, бірі жұмыста әріптесі болыпты.Ол кісілер бізге болашақ президентпен өткізген шақтарын, оның жайдарлы мінезін, бастарынан кешкен қызықты оқиғаларын әңгімелеп берді.Біз осы кездесуден үлкен әсер алдық. Олар Елбасымен таныс болғандары үшін тағдырларына риза екендіктерін айтты. Осыдан кейін Н.Ә.Назарбаев туралы шағын деректі фильм тамашаладық. Орталықтан кейін Теміртау қаласындағы *Қысқы баққа* жол тарттық. Ішке кірген сәттен бастап өзімізді Теміртауда емес Африканың тропикалық ормандарында жүргендей сезіндік. Ол жерде жапырақтарын кеңге жайған пальмаларғ әртүрлі көркіне көз тоймас гүлдер, сонымен бірге, тасбақа, қоян, тотықұс пен тауыс та бар екен. Қысқы бақ бізге сергіп, демалып қалуға септігін тигізді. Осымен Теміртау қаласындағы саяхат шегіне жетті. Қарағанды қаласына келе салысымызбен *С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрына* бардық. Театрдың бұрыннан келе жатқан белді және де театр өнеріне бейім боп отырған жас актерлер “Табалдырыққа табын” спектакльін қойды. Бұл спектакль менің театр өнері туралы көзқарасымды түбегейлі өзгертіп, көңліме жаңа серпін бергендей болды. Талантты актерлердің өз ісіне аса мұқият қарайтындығын және өз рөлдерін сүйіспеншілікпен орындайтыны керемет қуантады.Жалпы, тақырыбы өте терең, әрі қазіргі таңда өзекті болып келеді. Сондықтан, бұл спектакль өмірімізге дұрыс бағдар бере алады деп ойлаймын. Театр өнеріне қанық болған біз актерлермен азғана сыр шертісіп, Қарқаралыға аттандық. Жол, әрине, ұзақ. Сол себепті, *Жосалы шипажайына* тоқтап тынығып алуғы тура келді. Ұланғайыр жеріміздің төсінде орналасқан Сарыарқаның көркіне тәнті болдық. Шипажай қызметкерлері бізді жылы қарсы алып, бөлмелерге орналастырды. Кешкі асқа дейін далаға шығып, спорттық ойындар ойнап, сергіп қалдық. Керемет ауа-райы көңлімізді көтерді. Кешкі астан соң бізді би кеші күтіп тұрды. Уақытты тамаша өткіздік. Сонымен, бүгінгі саяхатымыз шегіне жетті. Жол ұзақ болғанмен, көкейімізге тоқығанымыз көп болды.

![«Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 2 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/kozybay_aidana/FDL218s7AreQNxYHt2q53YF59QGpiL.jpg)

![«Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 2 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/kozybay_aidana/z9Dm3UNpFq7T9q2JMgUKWf7O2CDO11.jpg)

![«Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 2 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/kozybay_aidana/9YtwhYMe34H8BZFDM3UdaH07IV47T5.jpg)

![«Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 2 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/kozybay_aidana/exr1Lft593P0Cg2bhJi1Nz1oY4DRQG.jpg)

![«Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 2 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/kozybay_aidana/J7gxj2l887w7TogBBAEe2sCPdN5ok3.jpg)

![«Туған елге тағзым». Атырау- Қарағанды: 2 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/kozybay_aidana/lQWA0A9Xa2dkvqcGbZzkeyvIkLkKha.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-atyrau-ara-andy-2-k-n-513062](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-atyrau-ara-andy-2-k-n-513062)