---
title: "Туған елге тағзым-Қарағанды.7 күн"
description: "Өткен күннен үлкен әсер ала отырып,келер күннен де жағымды әсер мен жақсы көңіл-күй күттік.Соңғы күн..."
author: "Nazgul_O"
published: "2015-06-16T03:19:34+00:00"
modified: "2015-06-16T03:19:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ara-andy-7-k-n-513714"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ara-andy-7-k-n-513714/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Туған елге тағзым-Қарағанды.7 күн

> Өткен күннен үлкен әсер ала отырып,келер күннен де жағымды әсер мен жақсы көңіл-күй күттік.Соңғы күн...

Өткен күннен үлкен әсер ала отырып,келер күннен де жағымды әсер мен жақсы көңіл-күй күттік.Соңғы күн болған соң осы күн өзіме ерекше қызықт болып көрінді.Қарағандыға келеген соң таңғы ас ішіп,автобусымызға отырып,Қарағанды облысы политехникалық колледжіне аттандық.Бұл жерде арнайы киімдерді киіп шахтаға түстік.Шахтаның іші суық әрі өте дымқыл болып келеді.Экскуросоводтың өзі осы колледждің түлегі екен,әр нәрсені өте нақты әрі түсінікті етіп айтты.Қазіргі уақытта Қарағандыда тек 8 шахта жұмыс жасайды екен.Осы шахта тек дайындық орны болса да бұрындары жұмыс жасаған әрі бұрғылау,тасу,шығару машиналарын да көруге болады.Сонымен қатар,бұл жерде қауіпсіздіктің жақсы сақталғанын да айтты.Бұл жерде шығарылған көмір орнына орнықты етіп топырақ салады екен.Жіне де таағы ұстап тұру үшін арнайы қондырғыцлармен бекітіледі.Шахтада жұмыс жасау өте қиын,шахтада жұмыс жасайтын адамдар арнайы дайындықтан өту қажет әрі денсаулығы да сай болуы қажет.Бұл жерде шыққан метан газын сыртқа шығарып отырады,себебі,ол өте жанғыш болып келеді.Шахтадан шыққан соң АҚ «Фитохимияға» бардық.Бұл жерден біздер бірден екі топқа бөліндік.Бізідің топ ең алдымен,дәрілік шөптерді өсіретін алаңға бардық.Бұл жерде өсімдіктердің түрі өте көп.Бұл өсімдіктерді өсіру себебі,біріншіден Қазақстанда жойылып бара жатқан дәрілік өсімдіктердің санын көбейту,екіншіден,өсімдік құрамындағы ауруға қарсы тұратын заттарды анықтау және зерттеу,олардан препарат дайындау болып табылады.Мені бұл жерде таңқалдырғаны рак ауруына қарсы тұратын өсімдіктің өсірілуі еді.Және де бұл ғимаратта осы өсімдіктерден дәрі жасайды.Әрі рак ауруының бастапқы кезеңдерінде көп көмектеседі.Содан соң,біздер ғимарат ішіне кірдік.Бұл жерде өсімдіктің түр-түрі сақталған.Оны сақтайтын 300 –ден астам арнайы орындары бар.Тіпті,компьютерге де өсімдіктің атын жазу арқылы оның қай жерде сақталғанын байқауға болады.Алғашқы өсімдіктер 1925 жылдан бастап сақталған.Әрі сол жылдан бастап сақталған гүлдер әлі күнге дейін сақталып келеді.Келесі біздер лабараторияға бардық.Маған өте қызықты болып көрінгені осы жер еді.Лабараториядан заманауи аппараттардың көптігін байқадық.Мысалы,CO2 газын жіберіп,оны сұйық түрге айналдырып,өсімдікке қысым түсіру арқылы қою түрдегі май алу немесе спиртті қосып,жоғары температурада қызыдырып,буландырып,спиртті қайтадан бөліп алып және де қою күйдегі дайын дәріні алатын құрылғылар .Сонымен қатар,өсімдіктің құрылысын анықтау,оның қалай және қандай заттармен байланыс түзетінін анықтайтын аппараттар өте көп.Және де өте қызықты болып көрінгені адам асқазаны дәрі-дәрмекті қалай және қандай уақытта қабылдап үлгеретінін,әсер ететінін көрсететін құрылғы болатын.Осындай лабараториялардың көпшілігін аралап болған соң,жануарлардың бөліміне апарды.Бұл жерден теңіз шошқасын,тыщқанды,қоянды көрдік.Дайын болған препараттарды осы жануарларға беру арқылы әсер етуін қадағалайды.Әрі оларға препаратты қалай беретінін де көрсетті.Тіпті олардың балалары өте сүйкімді болып көрінеді.Содан соң, бұл жердің адамдары бізді асханаға шақырып,дәмді тағамдаын ұсынды.Тамақтанып болған соң,конференцияға барды.Бұл жерде АҚ «Фитохимия» директоры көптеген мәліметтер айтып берді.Кейіннен оқушылар өз сұрақтарын қойып,директордан өз жауаптарын алды.Осы ғимаратта мені қатты қуантқаны студенттердің бұл жерде еркін тәжірбие жинақтауы болатын.Осы ғимараттағы адамдардың көпшілігі де студенттер тіпті олар жаңа препарат түрін ойлап табуда.Бұл өте үлкен жетістік болып табылады.Бұл жерде жұмыс жасау өте қиын ,төзіміділік пен табандылықты қажет етеді.Бір экспериментті жасау 12 сағатқа дейін уақытты алады.Ал жаңа затты ойлап табу үшін 10 жылғ адейін уақыт кетеді.Конференция соңында бізге АҚ «Фитохимия» атынан сыйлықтар ұсынылды.Осы жерден щыққан соң,Қарағандының ең үлкен сауда орталығына бардық.Бұл жерден таңдалған досымызға сыйлықтар алдық.Мектепке келген соң,волонтерлер ұйымдастырған концертке бардық.Бұл жерде әр қала өз өнерін көрсетіп әр қала атынан мектепке сыйлық ұсынды.Және де жетекшілер өз алғыстарын айтып,ерекше сөз сөйледі.Тіпті оқушылар да экспедициядан алған әсерлерін айтып,қызықта сәттерді еске түсірді.Содан соң,барлығыммыз мектепке өз тілектерімізді жазыдқ.Менің осы жерде байқағаным аз ғана уақыт ішінде бір-бірімізді жақсы танып,бір отбасыдай болып кеткеніміз.Кейіннен асханадан кешкі асмызды ішіп,би кешіне бардық.Бәріміз қосыла би билеп,алған сыйлықтарымызды ұсындық.Бір сергіп қалдық.Қалалардың ішінен біздер ең алғашқы болып кететін болдық.Кетер алдында әрқайсымен қимай қоштастық.Шыны керек қатты бауыр басып қалыппыз.Әр адамның есте қаларлық өзіндік ерекшелігі болады екен.Кетіп бара жатқанда сол адамдарды сағынатынымыз білінді.Аз уақыт аралығында бір-бірімізге үйреніп,бауыр басып,көптен таныс адамдардай болып кетіппіз.Барлығымен қимай қоштасып,автобусқа отырып,поездға міндік.Жол бойына қызықты сәттерді еске түсіріп,көзімізге жас алдық.Бұл экспедиция мен үшін тек өлкетану ғана емес жаңа достар да табу еді.

![Туған елге тағзым-Қарағанды.7 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/faq07UmuMpc2M9rX0485xJ6eBPcy25.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.7 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/sxKtbhjaHtuc4BXMBykzes8ptAOGFw.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.7 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/Afz44ijLqFG75op7nC5vdyzzoEL6I5.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.7 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/M0mcTKE7QNtt228k7tdh73Wb76NUnf.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.7 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/9H3aXtjmziZi2yZcM0B5FpRUxhW4xQ.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.7 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/kEwN5YaWD52rGjyYhvcvf81QJ6hOk3.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.7 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/AygMz0cGrZoscck8vJZ6kJ7KDnpJ9C.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.7 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/OzI9a8xz2bXU30YTpGccFv3ZBPpsE1.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.7 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/299LhS2b6rB92t96152GZF1JvsyTAQ.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ara-andy-7-k-n-513714](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ara-andy-7-k-n-513714)