---
title: "Туған елге тағзым-Қарағанды.3 күн"
description: "Таң ата салысымен автобуспен Қарқаралыға жөнелттік.Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітіне кірдік.Бұл м..."
author: "Nazgul_O"
published: "2015-06-16T02:55:35+00:00"
modified: "2015-06-16T02:55:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ara-andy-3-k-n-513698"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ara-andy-3-k-n-513698/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Туған елге тағзым-Қарағанды.3 күн

> Таң ата салысымен автобуспен Қарқаралыға жөнелттік.Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітіне кірдік.Бұл м...

Таң ата салысымен автобуспен Қарқаралыға жөнелттік.Қарқаралыдағы Құнанбай қажы мешітіне кірдік.Бұл мешітті өзі салдырған.Ал,бүгінгі күні оның сырты жаңартылған.Молда біщзе осы мешіт туралы көптеген жайттарды айтып берді.Соның бірі-мешіттегі ағаш бағаналарды шегесіз орналасып тұрғаны,әрі қағылған шегенің майысып қалуы болатын.Кейіннен қойылған картиналарға да көзіміз түсті.Қарқаралы тұнып тұрған тарих.Бұл жерден атақты адамдардың салдыртқан ғимараттары,оқыған оқу орындарын көруге болады.Мысалы,А.Байтұрсыновтың оқыған училищесі және алғашқы қазақ заңгерінің үйі.Осы ғимараттардың қазір бірі мектепке айналып отыр.Осыған қарап,жұмыстың сапалы жасалғанын көруге болады.Автобусқа отырып Қарқаралы тарихи өлкетану мұражайына аттандық . Бұл жерде Қарқаралыдан табылған қыш ыдыстар,сауыт,ер-тұрманды көрдік.Келесі Ә.Марғұланның болжамы бойынша «Үш Үңгір» алғашқы адамдар мекен еткені туралы жазба жинақтары,Абылай хан мен оның уәзірлері,алғашқы самолет макеті,Т.Әубәкіровтың бас киімі,100 жыл болған картиналар,қазақтың жиһаздары,әрі мекен еткен жануарларын да тамашаладық.Осындай көп мағлұматты ала отырып,Шайтанкөлге аттандық.Шайтанкөлге жету қиындау болды.Биікке көтерілген сайын адамның шаршағаны біліне түседі екен.Әрі шыбын-шіркейде аз болмады.Алайда,орманның тыныштығы мен таза ауасы оны ұмыттырады.Әрі бұлақтың суының салқандығы адамды сергітеді.Шайтанкөлде көрген әсемдік әлі көз алдымнан кетпейді.Шайтанкөл биік жартастармен қоршалған,әрі алыстан көрінген биік таулар мен тыныш орман оның сәнін келтіретіндей.Шайтанкөлде біраз демалып,төменге түстік.Автобусқа отырып,табиғи өлкетану мұражайына бардық.Бұл жерде Қарқаралының флорасы мен фаунасын түгелдей көруге болады.Әрі олардың әрқайсысына шағын мәлімет беріп қойылған.Бұл оқушылардың білімін шыңдауға көмектеседі деп ойлаймын.Осындай үлкен әсер алып,жақсы көңіл күймен Қарағандыға оралдық.

![Туған елге тағзым-Қарағанды.3 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/mF5Ffr37zh6T3Ht7R6746BtLA5SZJ7.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.3 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/cfkE7muqdMf7HWxbhOiUPm44x2yoru.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.3 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/38Ji10UAgz66uBvtERmBxd50yv6OQ1.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.3 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/yY4l6tnD8zS8Kel3Rt93AfiqhSpQJe.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.3 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/LR9d2h1z7w7dO66Kn81K0dHo9j4QxT.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.3 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/uY5pKAyQvGqfH8IK2b8ykY0y1gwtxU.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ara-andy-3-k-n-513698](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ara-andy-3-k-n-513698)