---
title: "Туған елге тағзым-Қарағанды.2 күн"
description: "Келесі экспедициямыз одан әрі қызық бола түсті.Таң ата салысымен автобуспен Теміртауға келіп жеткен ..."
author: "Nazgul_O"
published: "2015-06-16T02:50:32+00:00"
modified: "2015-06-16T02:50:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ara-andy-2-k-n-513686"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ara-andy-2-k-n-513686/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Туған елге тағзым-Қарағанды.2 күн

> Келесі экспедициямыз одан әрі қызық бола түсті.Таң ата салысымен автобуспен Теміртауға келіп жеткен ...

Келесі экспедициямыз одан әрі қызық бола түсті.Таң ата салысымен автобуспен Теміртауға келіп жеткен соң бірден бірінші президент орталығына бардық.Сол ғимараттың ішінде президентіміз туралы көп мағлұмат қамтитын арнайы бөлмелер бар.Соның бірі мұражай еді.Бұл жерде қазақ елінің терихы,жетістіктері,ең алғашқы валютасы,конституциясы,декларациясы,рәміздері туралы көптеген мәліметтер мен құжаттар бар.Келесі бөлмеде ел ордамыздың үлкен макеті орналасқан еді.Ондағы заңғардай ғимараттарды санамағанда жолы мен ағаштары анық әрі көркем жасалған.Сонымен қатар, осы ғимараттағы әрбір құрылғы заманауи стильде жасалған ,оған дәлел ақпаратты бағана.Ақпаратты бағанада маңызды оқиғаларды қамтитын жылдар орналасады.Сол жылдарды басу арқылы керекті мәліметтер алуға болады.Ал келесі бөлмелер президентімізге арналады.Оның бала кезі,мектеп жасындағы кездерін де осы жерден көруге болады.Қарапайым ауыл баласының оқу-білімге құштарлығы соншалық,шет елге оқуға түсіп,кейіннен Теміртау қаласында жұмыс атқарады.Қарапайым құрышшы қызметінен бастап Қазақстан Республикасының президенті атану үшін үлкен еңбек сіңірген.1958 жылдан бастап жасаған еңбектерін, өзге елдермен қарым-қатынасын,ерліктерін суреттейтін фотосуреттерді сенсорлы экраннан көруге болады.Ал келесі бөлме түгелімен металл балқыту орталығы макетіне арналған.Өте шебер әрі анық жасалған.Тіпті,шынайы көрінеді.Мұражайды аралап болған соң,президентіміздің қызметтестерімен кездестік.Ол кісілер президентімізбен қалай танысқанын,оның еңбектерін,оның батылдығымен қатар еңбекқорлығын,әнге құштар әрі әзіл айтатын адам екенін кезектесе отырып айтты,яғни осыған қарай отырып осы адамадардың бір-бірінің қыр-сырын таныған нағыз достар екенін көрсетеді.Содан соң,оқушылар өз сұрақтарын толық жауап алды.Келесі,президент туралы деректі фильм көрдік.Бұл жерде президентімізбен бірге түсірілген сұхбаттан оның әрқашанда сөзінде тұратын,жұмысты жоғары дәрежеде атқаратын адам екені байқалады.Осындай кездесу үшін оларға өз алғысымызды білдіріп,қысқы баққа аттандық.Бұл жерге келген уақытта өзімізді нағыз орманда жүргендей сезіндік.Ондағы биік-биік ағаштар,әсем гүлдер көз тартарлық әдемі.Әрі бұл жерден тасбақа,тауыс,әтеш,қоян,тотықұсты да аңғаруға болады.Келесі аялдамамыз С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақдрама театры болатын.Бұл жерден тамаша қойылымды тамашаладық.Басты идеясы ауыл мен қала арасындағы қарама-қайшылық пен ата-ана қадірі туралы болатын.Актерлердің ойнау шеберліктері соншалық,көрермендер көзіне жас алды.Әрі бұл театрдан атақты актерлердің шыққанын да естідік.Актерлер оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз кеңестерін де берді.Ең соңында бізді жылы лебізбен шығарып салды.Театрдан шыққан соң автобуспен Қарқаралыдағы «Жосалы» демалыс орталығына аттандық.Ұзақ уақытты алса да,сол жерге барған соң, шаршағанымызды ұмытып кеттік.Далада арнайы ойын алаңы бар екен,сол жерде түрлі ойындар ойнап,кейіннен іште би билеп,сайқымазақтың қатысуымен ойын ойнап сергіп қалдық.Осылайша күнімізід тамаша өткізідік.

![Туған елге тағзым-Қарағанды.2 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/20gARC0mrMaa1hWPA7PNSysJ8Yc5KT.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.2 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/2TFp8zSGozeaKXi3iOTxig8OMbro6v.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.2 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/63Ge5wDT2XLw85vX69453EupD8xwqX.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.2 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/hgkGE1hEEJNv4XFyDnpG6zJJ7GeL8C.jpg)

![Туған елге тағзым-Қарағанды.2 күн](https://storage.yvision.kz/images/user/nazgul_o/ZxA3w2F9uvCN2oxxYv8TKxy8vloc6c.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ara-andy-2-k-n-513686](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-ara-andy-2-k-n-513686)