---
title: "«Туған елге тағзым» (9-күн)"
description: "8 шілде,2013ж. Бүгін біз көркем әрі бай өлке, Қазақстанның Швейцариясы, жер жаннаты - Бурабайға атта..."
author: "abuova98"
published: "2013-07-12T11:49:52+00:00"
modified: "2013-07-14T11:51:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-9-k-n-362853"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-9-k-n-362853/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Туған елге тағзым» (9-күн)

> 8 шілде,2013ж. Бүгін біз көркем әрі бай өлке, Қазақстанның Швейцариясы, жер жаннаты - Бурабайға атта...

*8 шілде,2013ж.*

*Бүгін біз көркем әрі бай өлке,** Қазақстанның Швейцариясы, жер жаннаты* - Бурабайға аттандық.Ең алдымен,Бурабай жеріндегі "Табиғат" атты мұражайына бардық.Оның ішінде Бурабай жерінің макеті,фауна мен флорасы,тас-топырағын көріп,тамашаладық.Мұражайдан соң, мұражай жанындағы жануарлар паркін(зоопарк) араладық.

*Бұл жерде мен мүлдем көрмеген жануарлар мен құстарды көріп, тамашаладым.Бәріміз фото-суретке түсіп,дем алып қайттық. *

*Сонымен, біз "Бурабай" атты мейрамханада түскі асымызды іштік.*

*Сөйтіп, Жұмбақтасқа аттандық.Жұмбақтас бейнесі әсем,көз тартарлық.Оның ауасы қандай тамаша!Маған өте ұнаады!Қуанышымызда шек жоқ.*

* Жалпы, Жұмбақтастың пішіні пирамида тәрізді,биіктігі 18 м. Жұмбақтастың бір жағынан қараса,қыздың бейнесі байқалады,ал қарама-қарсы жағынан қараса,мыстан кемпірдің бейнесі көрінеді. *

 

* Сонымен,Көкше тауға қарай жол тарттық."Хан тағына" барып,арман-тілегімізді тілеп,жеті рет айналып,орамал байладық. Таза ауада ,серуендеп, дем алып қайттық.*

*Мені сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар,Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы таң қалдырды.*

*Бүгінгі саяхатымыз жүрегіме сұлулық пен жылулық әкелді.Бұл саяхатымыз естен кетпес,әрине!!!*

*Көріскенше!!!) *

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-9-k-n-362853](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-9-k-n-362853)