---
title: "Туған Елге Тағзым"
description: "1 күн Менің атым Қази Данияр. Мен ТЕТ бағдарламасының қатысышусымын және, сол арқылы, мен Атырау қал..."
author: "Rekudo"
published: "2017-06-13T13:38:41+00:00"
modified: "2017-06-13T13:38:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-769872"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-769872/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Туған Елге Тағзым

> 1 күн Менің атым Қази Данияр. Мен ТЕТ бағдарламасының қатысышусымын және, сол арқылы, мен Атырау қал...

1 күн

Менің атым Қази Данияр. Мен ТЕТ бағдарламасының қатысышусымын және, сол арқылы, мен Атырау қаласына жіберілген болатынмын. Жіберілудің мақсаты, экспедиция өткізіп, Атырау қаласы туралы көп, қызық ақпаратты жинау болып табылады. 12-ші маусым күні 12 оқушы жылдам тальго пойызына отырғызылып , Атырауға жіберілдік. Қалаға келгенше, біз ойын ойнап, сөйлесіп,кітап оқып 22 сағатымызды өткізіп келдік. Келгенде, бізді Атырау НЗМ-ның оқушылары өте жылы етіп қарсы алды. Есіктен шығысымен олар шашу лақтырып, бауырсақ пен шұбаттарын беріп, келіп тұрған жайын айтты. Содан кейін, менен Қуаныш деген оқушы, өзінің NIS Press-на арнап сұхбат алған болатын. Кейін, жай пойыздардың келетін уақыттарын айтып тұрған диктор, тоқтап, әдемі сөздермен бізді қарсы ала бастады. Диктор сөзін бітіргеннен кейін, біз сөмкелерімізді қолымызға алып, есік алдына шықтық. Шыққан кезде, бізді тағы да бір сый күтіп тұрды, бұл - әп-әдемі, сұлу қыздардың билеп басталып, барлық оқушылармен жалғасып кеткен флешмоб-биі болды. Осы би бізге қатты ұнады, өйткені оқушылар бізді ыстық сезіммен қабылдап тұрғаны, қимыл арқылы көрінді. Сосын, автобусқа келіп, отырып, тағы да бір өте қызық детальды байқадық. Ол, автобусымыздың қасында және жанында жүріп келе жатырған полиция машиналары болды. Осыдан кейін, біз қарсылауды "Королевский" деп атап кеттік. Өйткені, Астанада былай тек Президентті қарсылайтын еді. Келесі, автобустан шыққан кезде, бізді ыстық құшағымен Гульнар апай қарсылап алған болатын. Әңгімесін айтып, әзілдерін қосып, бізді мектеп жатаханасына дейін апарып тастады. Бөлмелерімізді көріп, ішіне жайғасуға 10 минут берген болатын. Ішіне, кіріп, қатты таңқалдым. Өйткені, ішінде өзімді ыңғайлы сезінген болатынмын. Дұрыстап жайғасып алып, біз кешкі асымызды ішуге бардық. Сол кезде, бізге тауық етімен, подливкамен басылған суда пісірілген макарондарды берді, өте тәтті болды. Кейін астына түсіп, қауіпсіздік ережелерімен таныстық. Негізінде, осыны 2-ге бөлуге болады. Олар: жатахананың қауіпсіздік ережелері және медецинаның қауіпсіздік ережелері. Сосын, зерттеу мақсатын айтып,психологтарды шақырды. Олар, комфорт зонасынан шығаратын ойындарды өткізіп,біздерді жақындаттырда. Кейін, нәтижесін айтып, әрбір оқушыға өзінің арнаулы сыйлығын беріп шықты. 30 минут өте келе дискотека өткізді, бірақ, Астанадан көбі билеген жоқ, сондықтан, жай сөйлесіп, уақытымызды жақсы өткіздік

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-769872](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-769872)