---
title: "«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы"
description: "Бүгін сағат таңғы 7:30 дар шамасында ұйқымыздан тұрдық.Содан соң таңғы асымызды ішіп алып , әлемге ә..."
author: "Arsen__Renatuly"
published: "2017-06-16T10:54:12+00:00"
modified: "2017-06-16T10:54:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2017-atyrau-alasy-770306"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2017-atyrau-alasy-770306/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы

> Бүгін сағат таңғы 7:30 дар шамасында ұйқымыздан тұрдық.Содан соң таңғы асымызды ішіп алып , әлемге ә...

Бүгін сағат таңғы 7:30 дар шамасында ұйқымыздан тұрдық.Содан соң таңғы асымызды ішіп алып , әлемге әйгілі «Шымбұлақ» курортына жол жүрдік.

![«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsen__renatuly/zCupS5h791yl7s8f68eF12ZiQ0Hw8X.jpg)

Ең алдымен көзге түскені бұлтпен таласқан таулар,ормандар және мұздықтар.Көліктен түскен соң арқан жолмен «Шымбұлақ» курортына көтерілдік.Тау шыңына шығу арқылы оның өте қиын екеніне және көп жаттығуды талап ететініне көзіміз жетті .

![«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsen__renatuly/9NcaSjoS11OHSRFjvKEmXnx8kmVv99.jpg)

«Шымбұлақ» ол әлемдегі ең үздік тау маңайындағы курорттардың бірі.3-4 сағат тау үстіндегі серуеннен кейін мектепке оралдық. Түскі ас ішіп алып тынықтық.Күш жинаған соң тұнғыш елбасымызға арналған саябаққа бет алдық.Саябақта серуендеп , елбасы ескерткішімен естелікке суретке түстік.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2017-atyrau-alasy-770306](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2017-atyrau-alasy-770306)