---
title: "«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы"
description: "Бүгін сағат 14:00 шамасында біз Атырау қаласындағы ХББ НЗМ бір топ оқушылары «Туған елге тағзым» жоб..."
author: "Arsen__Renatuly"
published: "2017-06-16T10:48:57+00:00"
modified: "2017-06-16T10:50:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2017-atyrau-alasy-770303"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2017-atyrau-alasy-770303/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы

> Бүгін сағат 14:00 шамасында біз Атырау қаласындағы ХББ НЗМ бір топ оқушылары «Туған елге тағзым» жоб...

Бүгін сағат 14:00 шамасында біз Атырау қаласындағы ХББ НЗМ бір топ оқушылары «Туған елге тағзым» жобасы бойынша Алматы қаласына келіп тоқтадық.Бізді қонақжай Талдықорғандықтар қарсы алды. Алматы қаласындағы ХББ НЗ мектебіне орналасқаннан кейін тамақтанып алып ҚР мемлекеттік ұлттық мұражайына аттандық.

![«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsen__renatuly/10zpN0Oh71d2b43j79B3he00m0Cu1B.jpg)

Ұлттық музей тау баурайында орналасқан.Ең алдымен көзге түскені: архитектура, өлшемі және табиғаты.Музей 5 залдан тұрады.Бірінші залы палеонтология ғылымына арналған.Қазақстан жерінде 22 түрлі динозавр табылған.Олардың көпшілігі Қостанай өңіріндегі қазба жұмыстары кезінде табылған .Негізінен динозаврлар 3-ке бөлінеді.Олар: су асты динозаврлары (Тлиозавр,Плезиозавр), жер үсті динозаврлары (Бронтозавр,Триператопс,Стегозавр) ,аспан динозаврлары (Проафис, Диморфодон, Рамародинх).

![«Туған елге тағзым 2017» Атырау қаласы](https://storage.yvision.kz/images/user/arsen__renatuly/jEFf8bjXo7QATDrHiKzpGc6c9b5TS7.jpg)

Екінші залдағы экспонаттар ежелгі дәуір тарауын қамтиды.Бұл жерде ең алғашқы адамдардың пайдаланған тұрмыстық құралдары , үйшіктері , тіпті қола дәуірі кезіндегі қайнатқыш пештері көрсетілген.Үшінші залда орта ғасырдағы қазақ жерінде өмір сүрген адамдардың салған ғимараттардың кескіндерін тамашаладық.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2017-atyrau-alasy-770303](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2017-atyrau-alasy-770303)