---
title: "«Туған елге тағзым 2017» Атырау"
description: "Бүгінгі күннің бірінші жартысы толықтай тарихқа арналды. Бүгін біз \"Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қ..."
author: "Konilkosh"
published: "2017-06-15T10:05:07+00:00"
modified: "2017-06-15T10:05:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2017-atyrau-770142"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2017-atyrau-770142/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Туған елге тағзым 2017» Атырау

> Бүгінгі күннің бірінші жартысы толықтай тарихқа арналды. Бүгін біз "Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қ...

Бүгінгі күннің бірінші жартысы толықтай тарихқа арналды. Бүгін біз "Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы" бардық. Бұл мұражайда біз Қазақстан жерінде табылған ірі алтын адамдарды таиашаладық. Алғашында біз ең бірінші табылған алтын адамды зерттедік. Бұл алтын адам 1969-70 ж.ж. кездейсоқ жолмен табылды. Бұл алтын адам сақ тайпасының жауынгері, "Азиялық тутанхамон" болып саналатын. Біріншіден сақтар туралы елбасымыздың көзқарасымен бастасам: "Ежелгі көшпенділердің далалық өркениеті адамзат тарихында терең із қалдырды... Ол скиф-сақ дәуірінен бастау алатын мыңжылдықтар бойы қалыптасқан көшпенділердің бір тұтас мәдениетімен тығыз байланысты".

![«Туған елге тағзым 2017» Атырау](https://storage.yvision.kz/images/user/konilkosh/7GPGWuJ0rA5sziu2VSRiMruUu3Y2Lq.jpg)

Жалпы тарихтағы деректерге сүйенетін болсақ парсы халқы осы тайпаларды "сақтар" деп атаған, грек халқы "скифтер" деп атаса, қытай халқы "сэ" деп атаған. Осы мұражайда орналасқан сақ жауынгері (алғашқы алтын адам) 17-18 жастағы ер адам болған. Бұл алтын адамның ерекшеліктерінің бірі, ол оның киім-кешегі 4000 жылдық алтынға толы болуы. Сонымен қатар осы мұражайда біз сол дәуірдегі (темір, қола дәуірі) қолданған не жасалған нәрселер мен бұйымдарды көрдік. Осы нәрселердің барлығы сол кездегі тайпалардың тұрмыс-тіршілігін бейнелеген.

![«Туған елге тағзым 2017» Атырау](https://storage.yvision.kz/images/user/konilkosh/XplM7cGV8c1XAQNk9EgL9yg976fu9y.jpg)

Кейін біз үшінші алтын адамның бейнесін көріп, оны қалай тапқанын зерттедік. Бұл алтын адам Атырау облысы, Жылыой ауданында, Аралтөбе атты жерде 1999 жылы табылды. Ғалымдардың айтуы бойынша осы алтын адам сармат жауынгерлерінің бірі болған.

![«Туған елге тағзым 2017» Атырау](https://storage.yvision.kz/images/user/konilkosh/foKBuPdmZoIIVZEetb1rWZN23lRGup.jpg)

![«Туған елге тағзым 2017» Атырау](https://storage.yvision.kz/images/user/konilkosh/VMyJ5x5X8wW0p1UGCT9dv4uJoE5rqK.jpg)

Әрмен қарай біз Алматы облысының барлық мұражайларынан алынған сирек экспонаттарды көргенбіз. Сонын ішінде маған танымал қазақ ақын-жазушысы М. Мақатаевтың жеке жазба кітапшасы ұнады.

Күннің екінші жартысында біз Үлкен Алматы көлінің жанында болдық. Бұл жердің табиғатына таңғалып, таза ауада тамақтандық.

![«Туған елге тағзым 2017» Атырау](https://storage.yvision.kz/images/user/konilkosh/O8YnwWn3IHZoZvLx6r36ZWM622u5NO.jpg)

Кейін осы жерде уақытымызды керемет өткізіп, "Ашим" форель шаруашылығына бардық. Бұл жерде біз форель балықтарының түрлерін тамашаладық.

![«Туған елге тағзым 2017» Атырау](https://storage.yvision.kz/images/user/konilkosh/e41oT66N2AE7xN9onvn11fKDFKQm19.jpg)

Мектеп интернатына ораларда ән шырқап, көңілді күйде қайттық. Ертеңгі күні бұйырса Талдықорған қаласына жол тартамыз. Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне өз алғысымды білдіремін. Аз уақыт болсада, көңілді өткіздім. Келер күндерден жаңа әсерлерді күтемін!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2017-atyrau-770142](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2017-atyrau-770142)