---
title: "Туған елге тағзым: 2-ші күн"
description: "Бүгін біздің Атыраудағы екінші күніміз таңғы 8-де басталды. Мектеп асханасынан таңғы ас ішкеннен кей..."
author: "AminaMarat"
published: "2017-06-16T12:44:49+00:00"
modified: "2017-06-16T12:44:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2-shi-k-n-770155"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2-shi-k-n-770155/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Туған елге тағзым: 2-ші күн

> Бүгін біздің Атыраудағы екінші күніміз таңғы 8-де басталды. Мектеп асханасынан таңғы ас ішкеннен кей...

Бүгін біздің Атыраудағы екінші күніміз таңғы 8-де басталды. Мектеп асханасынан таңғы ас ішкеннен кейін біз Өскемен оқушыларымен бірге "Туған елге - тағзым" жобасының ашылуына қаттыстық. Бұл салтаннатты ашылуда мектеп директоры қөттықтау сөзін айтып, біз автобуста Сарайшық кенті-археологиялық зерттеу қалашығына аттандық. Сол жерде біз "Хан ордасы Сарайшық" мұражайына барып, зерттеуші, тарихшы атаның қызықты оқиғаларын естідік. Сарайшық қаласымен танысқаннан кейін, біз мектепке оралып, асханада түскі ас іштік. Сәл дем алып, біздің экспедициямыз Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне жылжыды. Бұл университетте біз әртүрлі зертханаларға, университет мұражайына және Биотехнология ғылыми-зерттеу орталығына бардық. Мектептен кешкі ас ішкеннен кейін біздің үлкен тобымыз қала ішіне кішкентай саяхат істеді. Бір сағат ішінде біз Жеңіс саябағы, жаяу жүргіншілер көпірі, Исатай-Махамбет алаңына барып, серуендедік. Ал сосын, Атырау НЗМ НИШ Пресс клубының түсірген тұңғыш фильмін тамашаладық. Шынымды айтсам, университеттегі кейбір экскурсиялар мен үшін түсініксіз және жалықтыратын болған. Алайда, осы күн өте қызықты өткен.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2-shi-k-n-770155](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-2-shi-k-n-770155)