---
title: "«Туған елге тағзым» (11-күн соңғы саяхатымыз)"
description: "Сәлем! Бүгіндікке біз тек Назарбаев Орталығына барып,саяхаттап келдік. Назарбаев орталығында біз бі..."
author: "abuova98"
published: "2013-07-14T13:37:23+00:00"
modified: "2013-07-14T13:37:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-11-k-n-so-y-sayahatymyz-363151"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-11-k-n-so-y-sayahatymyz-363151/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Туған елге тағзым» (11-күн соңғы саяхатымыз)

> Сәлем! Бүгіндікке біз тек Назарбаев Орталығына барып,саяхаттап келдік. Назарбаев орталығында біз бі...

*Сәлем!*

*Бүгіндікке біз тек Назарбаев Орталығына барып,саяхаттап келдік. *

*Назарбаев орталығында біз біршама экспонаттармен таныстық.Бұл орталық Назарбаев қалауымен 2012 жылы 23 қаңтар айында құрылған. Орталық Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне арналады.*

*Мұражайда біз кейбір Елбасымыздың құжаттарымен таныстық.Сонымен қатар,Алтын және Күміс залы деп аталатын екі залға барған болатынбыз.Оның ішінде Алтын Адам,алтын мен күмістен жасалған әшекей-бұйымдарды көріп,тамашаладық.*

*Айталық,саяхат барысында бізді 24 kz арнасы түсірген болатын. Кей оқушылар интервью беріп,көңіл-күйлерімізбен бөлістік.*

*Сонымен, достар, орталықтан кейін біз жолға шықтық. Яғни,ақ мекен - Ақтөбеге оралып бара жатырмыз.*

*Жалпы,маған біздің саяхатымыз көңілімнен шықты. Өте қызықты,тамаша,естен кетпестей өтті. Біздер," Dana tour" атты компаниясына алғысымыз шексіз. Олар бізге көп-көп көмектесті.Бар жағдайымызды жасады.*

*Осымен , "Туған елге тағзым" атты экспедициямыз аяқталды. Барлықтарыңызға,назарларыңызға көп рахмет!Сіздермен НЗМ оқушысы Абуова Альбина *

*Көріскенше) *

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-11-k-n-so-y-sayahatymyz-363151](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-11-k-n-so-y-sayahatymyz-363151)