---
title: "«Туған елге тағзым» (10-күн)"
description: "9 шілде,2013ж. Бүгінгі күнімізді \"Алжир\" лагері,яғни \"Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмол..."
author: "abuova98"
published: "2013-07-12T11:54:00+00:00"
modified: "2013-07-14T16:59:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-10-k-n-362876"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-10-k-n-362876/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Туған елге тағзым» (10-күн)

> 9 шілде,2013ж. Бүгінгі күнімізді "Алжир" лагері,яғни "Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмол...

*9 шілде,2013ж.*

*Бүгінгі күнімізді "Алжир" лагері,яғни "Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінен" бастау алдық.*

*Алғашқыда бұл жерде «26-нүкте» деп аталатын орын болған. Соның негізінде 1938 жылы Қарағанды лагеріне қарасты «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» пайда болды.*

*Тұтқындар лагерьді бір сөзбен «АЛЖИР» деп атады. Бұл лагерьге Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары қамалды. Осынау сегіз мың әйелдің бар айытары - «халық жауы» атанған күйеулері мен туыстарынан бас тартпағандығы еді. ГУЛАГ лагері Совет Одағының түкпір-түкпірінде қаптап кетті. «АЛЖИР» де жер бетіндегі сондай тозақтың бірі болатын.*

*Тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті. *

*Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды.*

*Кейін лагерь өз алдына ауыл шаруашылық өндірісі, шеберханасы мен тігін фабирикасы бар сан-салалы шаруашылыққа айналды. *

*Бұл жерді тұтқындарың өзі адам тұратын қалыпқа келтірді. Барак, асхана, мал фермалары, астық қоймалары мен шеберханалардың барлығын тұтқын әйелдер өздері салды. *

*«Отанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің» аумағында қазір 4-5 қабат үйлері, дүкені мен клубы бар Ақмол кенті орналасқан. Ауылды кезінде тұтқындар отырғызған қалың терек қоршап тұр. *

*Кейін бұл жерге жер аударылғандар мен алғашқы тың игерушілер орналасты. Бірқатар тұтқындар осында қалып, жаңа өмір бастады. ***

* [2007](http://kk.wikipedia.org/wiki/2007) жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында [Қазақстан](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD) президенті [Нұрсұлтан Назарбаевтың](http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D2%B1%D1%80%D1%81%D2%B1%D0%BB%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%9D%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%80%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2) тікелей атсалысуымен «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешені ашылған.*

*Бүгінде біз мұражайдан мемориалдық кешен «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композицияны, сондай-ақ «Еске алу қабырғасын» көрдік . Мұражайдың экспозициялары өзіндік құжаттарымен саяси қуғын тарихын, жазалау институттарының әрекет ету тетіктерін көрсетеді. Бұл мұражайдан маған ең ұнағаны "Күрес пен үміт" мүсіндік композициясы. ***

*Бұл мұражай, әрине,бәрімізді жан түршіктіріп жіберді.Осынау жерді көріп, айталық,көңіліміз түсті.***

*Енді,әрімен қарай,айталық,біз Астана орманына саяхаттап бардық. Бұл Астана орманы негізі 1998 жылы құрылған екен. Қазір үлкен орман болып, көркейіп жатыр.***

*Болашақта бұл орман ішінде көптеген демалыс орындары салынады делінді.***

*Бүгінде орман 65 мың гектар жерді алып жатыр.***

*Міне,бүгін "Алжир" мұражайына және де Астана орманына саяхаттап бардық. Бұл экскурсиямыз естен кетпестей өтті.***

*Осымен, біздің экспедициямыз аяқталып келеді. Ертеңгі күніміз біздің соңғы саяхатымыз. Ертең біз Алла қаласа, Назарбаев орталығына жол тартамыз. Сонымен біздің саяхатымыз аяқталады. Әзірше,көріскенше)***

****

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-10-k-n-362876](https://yvision.kz/kk/post/tu-an-elge-ta-zym-10-k-n-362876)