---
title: "Тозақты есту"
description: "Мазасы кете бастады. Жарқылдаған шамдар мен есірік музыкамен елірген жалаңаштар оның көздерін шаршат..."
author: "mereykosyn"
published: "2016-02-06T16:05:00+00:00"
modified: "2018-12-20T11:51:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/toza-ty-estu-677121"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/toza-ty-estu-677121/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тозақты есту

> Мазасы кете бастады. Жарқылдаған шамдар мен есірік музыкамен елірген жалаңаштар оның көздерін шаршат...

Мазасы кете бастады. Жарқылдаған шамдар мен есірік музыкамен елірген жалаңаштар оның көздерін шаршата берді. Ортасында отырып қалды. Қолдары құлағына қарай жүгірді, бір- бірін танитын еді. Құлағын қатты басқан сайын лаулаған оттың дауысын естиді, қолдарын босата қойса, айналасындағы ессіз өлік шу лап ете қояды, ол қызық көріп құлағын қайта басады, енді лаулаған оттың дауысы өзінің дәл миынан шығып жатқандай сезіледі. Бұлдыраған әжімді бейненің бұл о дүниедегі тозақтың дауысы, егер жамандық жасаса адамдар өлгенде осы жерге баратынын айтқан ескі мыжғау үн оның есіне түсті. Қалай болғандада өзінің қазіргі ақылына сыйдыра алмай қойған бала қиялды тағы шетке сыдырып тастады да, өскен көкірегін керіп жарқылдаған шамдар мен қосылып, ессіз өлік шудың ішіне қайта кіріп кетті.

Тағы тұманды таң атты. Ол бүгін банкке резюм өткізуге баруға тиіс болатын. Бір -бірін қатты жақсы көретін жылы көрпесінен зорға суырылып шығып киіне бастады. Өзінен әлдеқайда әдемі әрі тамаша қасиеттерге толы жасалған «Резюм»імен амандасты. Бұл қымбат қағазды ол өзіне қатты жаны ашитын, мүмкін құтыла алмай жүрген біреудің дайындап бергенін білседе қуанбайтын да күлмейтін. Сыртқа шықты. Оның көз алдында жер бетіндегі барлық адамдар отқа оранып ерсілі- қарсылы жүргіп барады. Кәдімгі өртенген адамдар. Бірақ ол айналасынан ешқандай өрт шықанын байқай алмады. Дала қатты салқын болатын, мүмкін суықтан тоңған адамдардың ойлап тапқан сән үлгісі болар деп қойды. Машина ішіне тығылды. Өзінікі емес дөңгелектер өзінікі емес жолдар арқылы банкке қарай зулады. Әдемі әрі тамаша қасиеттерге толы жасалған «Резюм» мен оның иесі үзын сонар уақытпен нерв жүйелеріне созылған көлік кептелісіне кеп тоқтады да қалды. Ол осы сәтте күн туралы ойлай бастады. Шексіз биік әсем ғимараттар бүкіл бір қаланы күнсіз көлеңкелі салқын кеңістікке тығып қойғандай көрінді. Әлі жұмыс жасай қоймаған ақ алақандарымен зәулім қамалдарды қиратып жібергісі келіп іштегі бір күш итеріп қойды. Сол құтырған күш өткен хеллоуин мерекесінде сыртқа теуіп шығып, достарымен бірігіп қиратқан көше шамдары мен аялдамалардың сынған әйнектері қалпына енді келе бастаған. Соны ойлап тұрғанда оның есіне тағы әжімді бейненің айытқан ертегісіндегі «Таусоғар» деген алып кейіпкер елестеді. Ішінен сол Таусоғар атылып шығардай күй кеше бергенде дөңгелектер қозғалып кетті. Таусоғар артта қалып қойды.

Банкке келді. Адамдар көп болатын. Ол қабылдаушы қызыметкерге арнайы жасатып алып келген өтірік қағаздарды ұсынды. Қызыметкер парақтарды өтірік қарап шықты да өтіріктен одан күте тұруын сұрады. Ол орындыққа отырып күте бастады. Сағат тілі оның төзімін жеп бара жатты. Бір уақытта ол қызыметшіден өзінің тағы қанша уақыт отыруға тиіс екенін сұрағысы келді. Сұрады. Еріндері жыбырлап бірдеме айытқандай болады, бірақ анау қарайтын емес тіпті мән бермейді де. Ол дауысын қаттырақ шығарып көрді, бірақ бәрібір естімеді. Ол өз дауысының өзіне де естілмей тұрғанын енді байқады. Адамдар арасындағы ессіз өлік шу оның дауысын жұтып қойған еді. Банктің есігі әдеттегіден қатты ашылды, бала көтерген бір әйел кіріп келе жатып қағылмаған аяғындағы қардан табалдырыққа тайып жығылды. Әйел қатты құлағанан есін жиа алмай аунақшып қалды. Баланың шырылдап жылаған дауысын ессіз өлік шу жұтып қойды да естілмеді. Бірақ ол бәрін көріп тұрды. Жедел жәрдемге қоңырау шалды да балалы әйелді сүйеп орынан тұрғызып жатты. Дәл осы кезде есіктен дәрігерлер емес полияция кіріп келді де, үшеуін де өздерімен бірге бөлімшеге ертіп кетті.

Ол жылаған балалы әйелмен бірге полиция машинасына отырды. Терезеден сыртқа қарағанда оған тағы жер бетіндегі бүкіл адам отқа оранып жүріп бара жатқандай көрінді. Ол тағы бұл даладағы қатты суықтан деп түсінді де көзін жұмып құлағын басты. Ол тозақтың дауысын естіп тұрды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/toza-ty-estu-677121](https://yvision.kz/kk/post/toza-ty-estu-677121)