---
title: "Тосумен болдым-ау жолыңды"
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Тосумен болдым-ау жолыңды, Баса алмай қинаған, сағымды. Неліктен ..."
author: "Aikosmuz"
published: "2014-01-12T06:02:06+00:00"
modified: "2014-01-12T06:02:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tosumen-boldym-au-zholy-dy-394679"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tosumen-boldym-au-zholy-dy-394679/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Тосумен болдым-ау жолыңды

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Тосумен болдым-ау жолыңды, Баса алмай қинаған, сағымды. Неліктен ...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

 

Тосумен болдым-ау жолыңды,

Баса алмай қинаған, сағымды.

Неліктен сынадың, бағымды?

Әттең-ай, өртедің жанымды.

 

Сен едің, мен үшін серігім,

Бар бақыт, тек саған тілегім.

Сүйемін, деп соғады жүрегім,

Әттең-ай, сен едің керегім.

 

Сенбеспін, енді мен басқаға,

Үреймен қараймын, жасқана.

Қалдың-ау сынап, тағыда,

Әттең-ай, басқа жағада.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tosumen-boldym-au-zholy-dy-394679](https://yvision.kz/kk/post/tosumen-boldym-au-zholy-dy-394679)