---
title: "«Томпақ». Ол кім?"
description: "Ұлттық арна балаларға арналған отандық тұңғыш анимациялық телесериал - «Томпақты» көрермен назарына ..."
author: "Akparat"
published: "2013-11-27T12:21:08+00:00"
modified: "2013-11-27T22:54:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tompa-ol-kim-387110"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tompa-ol-kim-387110/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Томпақ». Ол кім?

> Ұлттық арна балаларға арналған отандық тұңғыш анимациялық телесериал - «Томпақты» көрермен назарына ...

Ұлттық арна балаларға арналған отандық тұңғыш анимациялық телесериал - **«Томпақты»** көрермен назарына ұсынады.

...Бәрі үш дос - Тасболат, Берік және Есет көрші үйдің бақшасынан алма ұрламақ болған күннен басталады.

![«Томпақ». Ол кім?](https://storage.yvision.kz/images/user/akparat/NlQRu6tb328427A7jXNqALA23q73pr.jpg)

Олар бұл ойларын жүзеге асыру үшін «А» операциясын ойлап тапқан. Алайда, қожайын мен оның итінен қорыққан үш дос қашып, ауылдың сыртынан бірақ шығады.

Ауылдан шалғай кеткен балалардың дәл жанына кометамен соқтығысқан ұшатын «тарелка» құламасы бар ма!

![«Томпақ». Ол кім?](https://storage.yvision.kz/images/user/akparat/nhVgO4Wz1rwuiM9nyn12d0UOrGe81p.jpg)

Балалар оның ішінен өзгепланеталықты алып шығады. Бір қызығы, ол қазақ тілінде сөйлейді екен. Оның есімі - Том Сириус Жак Си Пак.

![«Томпақ». Ол кім?](https://storage.yvision.kz/images/user/akparat/TtiE7gBs27S4Zxma51xd4w7RFUzO6u.jpg)

Бұл ат тым ұзақ әрі айтуға қиын болғандықтан, балалар оның басқы және соңғы бөліктерін ғана алып, **Томпақ** деп атайды.

![«Томпақ». Ол кім?](https://storage.yvision.kz/images/user/akparat/59KOY0L8s7XvTGOOisNmTN15f73NIh.jpg)

Өзгеше достың пайда болуы балалардың өмірін де күрт өзгертіп жібереді. Бұрын сотқар, сабақ үлгерімі де көңіл қуантпайтын үш дос соңғы кездері ұстаздарын да риза қылып, спортта да жетістіктерге жете бастайды. Олар Томпақты адамдардың өмірімен, қазақтың салт-дәстүрімен таныстырады.

 

Осылайша, түрлі оқиғалар желісімен өріле беретін қызықты телесериал 12 бөлімнен тұрады. Туындыны түсіру жарты жылға созылған.

 

***Басты рөлдерді Арман Қасымбеков (Тасболат), Рахым Ахмедов (Берік) және Олжас Омаров (Есет) сомдаған.***

Картинаның режиссері әрі сценаристі - Батырхан Дәуренбеков.

 

**Отандық кино саласының олқы тұсын толтырған «Томпақтың» алғашқы сериясы Ұлттық арна эфиріне 28 қарашада шығады.**

**Басталуы: сағат 14.25-те.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tompa-ol-kim-387110](https://yvision.kz/kk/post/tompa-ol-kim-387110)