---
title: "Том Леффлер: 2016 жылы Г.Головкин мен Р.Гонсалес шаршы алаңға бірге шығады"
description: "Бұл туралы «К2 Promotions» басқарушы директоры Том Леффлер мәлім етті. Кәсіпқой бокс бойынша орта с..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-12-07T11:07:30+00:00"
modified: "2015-12-07T11:07:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tom-leffler-2016-zhyly-g-golovkin-men-r-gonsales-sharshy-ala-a-birge-shy-ady-666159"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tom-leffler-2016-zhyly-g-golovkin-men-r-gonsales-sharshy-ala-a-birge-shy-ady-666159/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Том Леффлер: 2016 жылы Г.Головкин мен Р.Гонсалес шаршы алаңға бірге шығады

> Бұл туралы «К2 Promotions» басқарушы директоры Том Леффлер мәлім етті. Кәсіпқой бокс бойынша орта с...

Бұл туралы «К2 Promotions» басқарушы директоры Том Леффлер мәлім етті.

![Том Леффлер: 2016 жылы Г.Головкин мен Р.Гонсалес шаршы алаңға бірге шығады](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/IiDJMYKvrhF20sjmGSuSn2a9frLnsO.jpg)

Кәсіпқой бокс бойынша орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымының чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) мен жеңіл салмақтағы WBC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы никарагуалық Роман Гонсалес (44-0, 38 КО) келер жылы кем дегенде бір рет бір шоу аясында шаршы алаңға шығуы мүмкін.

«Геннадий Головкин мен Роман Гонсалесті біріктірсек, сәтті комбинация болады, деп ойлаймын. 2016 жылғы алғашқы жекпе-жегімізде осыны жасауға тырысамыз», - дейді Том Леффлер.

Еске сала кетейік, бұрын Роман Гонсалес Геннадий Головкин – кіші Вилли Монро және Геннадий Головкин - Давид Лемье бокс шоуларында шаршы алаңға шыққан.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tom-leffler-2016-zhyly-g-golovkin-men-r-gonsales-sharshy-ala-a-birge-shy-ady-666159](https://yvision.kz/kk/post/tom-leffler-2016-zhyly-g-golovkin-men-r-gonsales-sharshy-ala-a-birge-shy-ady-666159)