---
title: "Киберқауіпсіздік: Президент инновациялық технологияларды қолдады"
description: "Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ақпараттық қорғанысын нығайту бойынша нақты тапсырмалар берді"
author: "akorda"
published: "2025-06-05T08:25:38+00:00"
modified: "2025-06-05T08:25:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-ulttyk-kauipsizdik-komitetinde-kiberkorganys-zhobalaryn-karady-1014613"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-ulttyk-kauipsizdik-komitetinde-kiberkorganys-zhobalaryn-karady-1014613/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Киберқауіпсіздік: Президент инновациялық технологияларды қолдады

> Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ақпараттық қорғанысын нығайту бойынша нақты тапсырмалар берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетіне барып, жедел-техникалық бөлімшелердің жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысына киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері, үкіметтік және қызметтік байланысты дамыту жобалары көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамаларды тыңдап, ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерді тойтару және еліміздің маңызды инфрақұрылымының тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасаудың маңызын атап өтті.

Жиын соңында Президент аталған бағыттағы іс-қимылды жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tokaev-ulttyk-kauipsizdik-komitetinde-kiberkorganys-zhobalaryn-karady-1014613](https://yvision.kz/kk/post/tokaev-ulttyk-kauipsizdik-komitetinde-kiberkorganys-zhobalaryn-karady-1014613)