---
title: "Қазақстан мен Швейцария: Достық пен ынтымақтастық нышандары"
description: "Мемлекет басшысы Карин Келлер-Зуттерге мерекелік жеделхат жолдап, екі елдің берік қарым-қатынасын атап өтті."
author: "akorda"
published: "2025-08-01T12:13:21+00:00"
modified: "2025-08-01T12:13:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-shveycariya-prezidentin-ulttyk-kunmen-kuttyktady-1016055"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-shveycariya-prezidentin-ulttyk-kunmen-kuttyktady-1016055/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан мен Швейцария: Достық пен ынтымақтастық нышандары

> Мемлекет басшысы Карин Келлер-Зуттерге мерекелік жеделхат жолдап, екі елдің берік қарым-қатынасын атап өтті.

Мемлекет басшысы Швейцария Президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Конфедерациясының Ұлттық күніне орай Президент Карин Келлер-Зуттерге құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы ұлттың бірлігін, демократия дәстүрлерін және елдің бейтараптық қағидатына бейілдігін айшықтайтын мерекенің ерекше мәніне назар аударып, Швейцария халқына бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар Президент Қазақстан мен Швейцария қарым-қатынасының жоғары деңгейде екеніне тоқталып, қос халықтың игілігі жолында өзара ынтымақтастық нығая беретініне сенім білдірді.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tokaev-shveycariya-prezidentin-ulttyk-kunmen-kuttyktady-1016055](https://yvision.kz/kk/post/tokaev-shveycariya-prezidentin-ulttyk-kunmen-kuttyktady-1016055)