---
title: "Португалиядағы апат: Тоқаевтан Президентке көңіл айту"
description: "Президент Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат кезінде зардап шеккен адамдарға байланысты Португалия Президентіне көңіл айтты."
author: "akorda"
published: "2025-09-04T12:35:31+00:00"
modified: "2025-09-04T12:35:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-portugaliya-prezidentine-konil-aytu-zhedelhatyn-zholdady-1016906"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-portugaliya-prezidentine-konil-aytu-zhedelhatyn-zholdady-1016906/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Португалиядағы апат: Тоқаевтан Президентке көңіл айту

> Президент Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат кезінде зардап шеккен адамдарға байланысты Португалия Президентіне көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Португалия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Лиссабон орталығындағы апат салдарынан көптеген адамныңқаза табуына және жарақат алуына байланысты Президент Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соуза мен барша португал халқына көңіл айтты.

Қазақстан Президенті бақилық болғандардың туыстарын сабырға шақырып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестігін жеткізген.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tokaev-portugaliya-prezidentine-konil-aytu-zhedelhatyn-zholdady-1016906](https://yvision.kz/kk/post/tokaev-portugaliya-prezidentine-konil-aytu-zhedelhatyn-zholdady-1016906)