---
title: "Қазақстан мен Португалия: достық пен ынтымақтастық нышандары"
description: "Президент Қ.-Ж. Тоқаев Португалия күнімен Марселу Ребелу де Соузаны жылы лебізбен құттықтады, өзара тиімді қарым-қатынасқа сенім білдірді."
author: "akorda"
published: "2025-06-10T10:11:27+00:00"
modified: "2025-06-10T10:11:27+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-portugaliya-prezidentin-memlekettik-merekesimen-kuttyktady-1014762"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-portugaliya-prezidentin-memlekettik-merekesimen-kuttyktady-1014762/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан мен Португалия: достық пен ынтымақтастық нышандары

> Президент Қ.-Ж. Тоқаев Португалия күнімен Марселу Ребелу де Соузаны жылы лебізбен құттықтады, өзара тиімді қарым-қатынасқа сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаны осы елдің ұлттық мерекесі – Португалия күнімен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген байланыстың жетістікке толы боларына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марселу Нуну Дуарте Ребелу де Соузаның жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас португал халқына құт-береке тіледі.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tokaev-portugaliya-prezidentin-memlekettik-merekesimen-kuttyktady-1014762](https://yvision.kz/kk/post/tokaev-portugaliya-prezidentin-memlekettik-merekesimen-kuttyktady-1014762)