---
title: "Қазақстан мен Франция президенттерінің стратегиялық диалогы"
description: "Мемлекет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастық пен БҰҰ-ның 80 жылдығы аясында маңызды пікір алмасты"
author: "akorda"
published: "2025-08-23T10:15:18+00:00"
modified: "2025-08-23T10:15:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-pen-makron-halykaralyk-maseleler-men-ekizhakty-karym-katynastardy-talkylady-1016586"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-pen-makron-halykaralyk-maseleler-men-ekizhakty-karym-katynastardy-talkylady-1016586/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан мен Франция президенттерінің стратегиялық диалогы

> Мемлекет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастық пен БҰҰ-ның 80 жылдығы аясында маңызды пікір алмасты

**🇰🇿** **🇫🇷** **Мемлекет басшысы Франция Президентімен телефон арқылы сөйлесті**

📞 Француз тарапының бастамасымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты. Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасты.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tokaev-pen-makron-halykaralyk-maseleler-men-ekizhakty-karym-katynastardy-talkylady-1016586](https://yvision.kz/kk/post/tokaev-pen-makron-halykaralyk-maseleler-men-ekizhakty-karym-katynastardy-talkylady-1016586)