---
title: "АХҚО: Қасым-Жомарт Тоқаев пен II Абдалла бірге инвестициялар орталығын зерттеді"
description: "Мемлекет басшысы Тоқаев Иордания Королімен бірге АХҚО-ны аралап, 4200-ден астам компания тіркелген орталықтың жұмысымен танысты"
author: "akorda"
published: "2025-08-27T12:41:50+00:00"
modified: "2025-08-27T12:41:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-pen-iordaniya-koroli-ahko-ny-aralap-17-milliard-dollar-investiciya-turaly-bildi-1016727"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-pen-iordaniya-koroli-ahko-ny-aralap-17-milliard-dollar-investiciya-turaly-bildi-1016727/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АХҚО: Қасым-Жомарт Тоқаев пен II Абдалла бірге инвестициялар орталығын зерттеді

> Мемлекет басшысы Тоқаев Иордания Королімен бірге АХҚО-ны аралап, 4200-ден астам компания тіркелген орталықтың жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астана халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) аралап көрді.

Басқарушы Ренат Бектұров мәртебелі меймандарды Орталық қызметінің нәтижелерімен, АХҚО сотының, Халықаралық төрелік орталығының, Қаржы қызметін реттеу комитетінің және АХҚО биржасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ бірегей корпоративтік «Сенім музейінің» жұмысымен таныстырды.

АХҚО негізі қаланған сәттен бері 17 миллиард доллардан астам инвестиция тартқан. Орталыққа 85 елдің 4200-ден астам компаниясы резидент ретінде тіркелді.

t.me/aqorda_resmi

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tokaev-pen-iordaniya-koroli-ahko-ny-aralap-17-milliard-dollar-investiciya-turaly-bildi-1016727](https://yvision.kz/kk/post/tokaev-pen-iordaniya-koroli-ahko-ny-aralap-17-milliard-dollar-investiciya-turaly-bildi-1016727)