---
title: "Қазақстан мен Өзбекстан: Стратегиялық серіктестік және достық қарым-қатынас"
description: "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, екі ел арасындағы байланыстарды нығайту маңыздылығын атап өтті."
author: "akorda"
published: "2025-09-01T01:54:07+00:00"
modified: "2025-09-01T01:54:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-ozbekstan-respublikasyn-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1016812"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-ozbekstan-respublikasyn-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1016812/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан мен Өзбекстан: Стратегиялық серіктестік және достық қарым-қатынас

> Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, екі ел арасындағы байланыстарды нығайту маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёев пен бауырлас халықты Өзбекстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевтің қуатты әрі беделді басшылығымен Өзбекстан әлеуметтік-экономикалық дамуда, азаматтардың әл-ауқатын арттыруда және халықаралық аренада ұлттық мүддесін ілгерілетуде таңғаларлық табысқа жеткенін атап өтті.

> – Қазақстан Өзбекстанның стратегиялық серіктесі және сенімді одақтасы ретінде Сіздің еліңізбен сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Қазақ-өзбек қарым-қатынасы ғасырлар бойы жалғасқан достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында дами беретініне сенімдімін. Бұл бауырлас халықтарымыздың игілігіне қызмет етіп, сондай-ақ Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізеді, – деп жазылған жеделхатта.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tokaev-ozbekstan-respublikasyn-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1016812](https://yvision.kz/kk/post/tokaev-ozbekstan-respublikasyn-tauelsizdik-kunimen-kuttyktady-1016812)