---
title: "Қазақстан мен Марокко: Президенттің мерекелік тілегі"
description: "Мемлекет басшысы VI Мұхаммедті Таққа отыру күнімен жылы лебізін білдіріп, екі ел арасындағы серіктестікті атап өтті."
author: "akorda"
published: "2025-07-30T09:45:34+00:00"
modified: "2025-07-30T09:45:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-marokko-koroldiginin-ulttyk-merekesimen-vi-muhammedti-kuttyktady-1015961"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-marokko-koroldiginin-ulttyk-merekesimen-vi-muhammedti-kuttyktady-1015961/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қазақстан мен Марокко: Президенттің мерекелік тілегі

> Мемлекет басшысы VI Мұхаммедті Таққа отыру күнімен жылы лебізін білдіріп, екі ел арасындағы серіктестікті атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев VI Мұхаммед пен оның отандастарын Марокко Корольдігінің ұлттық мейрамы – Таққа отырған күнімен құттықтады.

Президент жеделхатында екі ел ынтымақтастығы оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтіп, жан-жақты серіктестікті кеңейту жолында тараптардың күш-жігер жұмылдыра беретініне сенім білдірді.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tokaev-marokko-koroldiginin-ulttyk-merekesimen-vi-muhammedti-kuttyktady-1015961](https://yvision.kz/kk/post/tokaev-marokko-koroldiginin-ulttyk-merekesimen-vi-muhammedti-kuttyktady-1015961)