---
title: "Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары: серіктестік нығаятылады"
description: "Мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайда болады, ШЫҰ саммитіне қатысады және ірі компаниялармен кездеседі"
author: "akorda"
published: "2025-08-26T04:34:08+00:00"
modified: "2025-08-26T04:34:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-kytayga-memlekettik-saparmen-barady-shyu-sammiti-zhane-manyzdy-kezdesuler-1016672"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/tokaev-kytayga-memlekettik-saparmen-barady-shyu-sammiti-zhane-manyzdy-kezdesuler-1016672/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары: серіктестік нығаятылады

> Мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайда болады, ШЫҰ саммитіне қатысады және ірі компаниялармен кездеседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады

Сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.

31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қазақстан Президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және «ШЫҰ плюс» жиынына қатысады.

2 қыркүйекте Мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.

3 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.

[t.me/aqorda_resmi](http://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/tokaev-kytayga-memlekettik-saparmen-barady-shyu-sammiti-zhane-manyzdy-kezdesuler-1016672](https://yvision.kz/kk/post/tokaev-kytayga-memlekettik-saparmen-barady-shyu-sammiti-zhane-manyzdy-kezdesuler-1016672)